Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз!

Хабарламалар  04.02.2020

«Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ-да техникалық жұмыстарға байланысты 2020 жылғы 4 ақпанда сағат 00:00-ден бастап 2020 жылғы 4 ақпанда 06:00-ге дейін шегерілген сатып алулар кейінге қалдырылмайтынын хабарлаймыз. Себебі, авторизациялау, қол қою және файлдарды тіркеу кезінде қиындықтар туындайтыны туралы өтініштер болған жоқ.

Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  04.02.2020

2020 жылғы 4 ақпан сағат 22:00-ден бастап 2020 жылғы 5 ақпан сағат 01:00-ге дейін "Ұлттық ақпараттық технологиялар" АҚ-да техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты NCALayer-ге қол қою үшін бағдарламаны пайдалана отырып, файлдарды авторизациялау, қол қою және бекіту жоғарыда көрсетілген уақытта порталда қолжетімсіз болады.
Қосымша хабарлаймыз, сатып алуға қатысуға өтінімдерді беруді, шарттарға қол қоюды алдын ала жүзеге асыруды сұраймыз.
Сатып алу мерзімдерін ауыстыру туралы ақпарат кейінірек орналастырылатын болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  04.02.2020

2020 жылғы 4 ақпанда жарияланған «Ашық конкурс, Аукцион, әлеуеті өнім берушіге ала біліктілікті іріктеумен конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысу кезінде банкроттық немесе жою процедуралары туралы мәліметтерді толтыру қажет екендігін назарыңызға жеткіземіз.

Өнім беруші нұсқаулығымен түбегейлі танысуға болады.
Конкурстық комиссия банкроттық немесе жою процедураларын өткізу үшін бақылауды жүзеге асыратын уәкілетті органның интернет-ресурсында орналасқан ақпаратты қарастырып, банкроттық немесе жою процедураларына олардың қатысы жоқ екендігі бөлігінде әлеуетті өнім берушілердің біліктілік талаптарына сәйкестігін нақтылау мақсатында жүргізіледі.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ!

Хабарламалар  03.02.2020

2020 жылғы 4 ақпанда 00:00-ден бастап 2020 жылғы 4 ақпанда 06:00-ге дейін «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ техникалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған орай, жоғарда көрсеткен уақытта Порталда NCALayer бағдарламасын қолданып қол қою, файлдарды жүктеу мүмкін болмайтынын хабарлаймыз.

Сонымен қатар, сатып алуларға қатысуға өтінімдерді алдын-ала беруіңізді сұраймыз.

Сатып алуды кейінге қалдыру туралы ақпарат кейiнірек жарияланды.

Уақытша қолайсыздықтар үшің кешірім сұраймыз.


Толығырақ

Электронды депозитарий бойынша!

Жаңалықтар  03.02.2020

Электронды депозитарий бойынша!
Қаржы министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 92 бұйрығымен (ҚР ӘМ 2020 жылғы 31 қаңтарда №19955 тіркелген) әлеуетті өнім берушінің Электронды депозитарийді толтыру мерзімін ұзарту бөлігінде оны қалыптастыру тәртібіне өзгерістер енгізілді.
Оның ішінде, жұмыс өтілін растайтын мәліметтермен және құжаттармен Электронды депозитарийді толтыру мерзімі 2020 жылғы 29 ақпанға дейін созылады.
Осыған байланысты, құрылыс саласындағы барлық әлеуетті өнім берушілерді 2020 жылғы 29 ақпанға дейінгі мерзімде электронды депозитарийді толтыруды, атап айтқанда веб-порталға жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізуді сұраймыз.
Жоғарыда көрсетілген мерзімде жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізбеген жағдайда, мұндай мәліметтер мен құжаттардың сенімділігін растағаннан кейін (қарау мерзімі 2 айдан 6 айға дейін) уәкілетті органмен электронды депозитарийға енгізілетін болады.

Бұйрықтың, Салыстырмалы кестенің жобасымен осы жерде танысуға болады. (1, 2).

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!

Жаңалықтар  01.02.2020

Сіздерге 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына арналған республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын жұмыстар тек "Алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы" немесе "Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден алу" тәсілдермен ғана жүргізілетінін хабарлаймыз. "Алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы" тәсілімен сатып алуды өткізу жөніндегі ұйымдастырушының нұсқаулығы сілтеме бойынша орналастырылады.

Сондай-ақ, құрылыс-монтаждау жұмыстары мен жұмыстары бойынша алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы тәсілімен мемлекеттік сатып алуға қатысатын, жылдық көлемі құндық мәнде тиісті қаржы жылына республикалық бюджет туралы заңда белгіленген айлық есептік көрсеткіштің төрт жүз мың еселенген мөлшерінен аспайтын әлеуетті өнім берушілер осы сатып алуға қатысу кезінде қаржылық тұрақтылығына тексеруден өтеді. "Алдын ала біліктілікті іріктеу конкурсы" тәсілімен сатып алуға қатысу жөніндегі өнім берушінің нұсқаулығы сілтеме бойынша орналастырылады.

Толығырақ

Всем заказчикам и организаторам!

Жаңалықтар  01.02.2020

«Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу жүзеге асырылатын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2019 жылғы 31 мамырдағы № 521 бұйрығы (бұдан әрі – Бұйрық) негізінде 1 ақпаннан бастап Бұйрыққа қосымшада көрсетілген тізбенің 3-9 тармақтары бойынша алдын ала біліктілік іріктеуі арқылы конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өткізілмеген деп танылған жағдайда, Тапсырыс берушілерге осындай мемлекеттік сатып алуларды Порталда басқа тәсілдермен жүзеге асыру қол жетімді болады.

Толығырақ

Құрметті Мемлекеттік сатып алу порталының қатысушылары!

Жаңалықтар  31.01.2020

Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес (ҚР Қаржы министрінің бұйрығы, 31.01.2020 жылғы №92 бұйрықпен енгізілген өзгерістерді ескере отырып) 01.06.2020 жылдан бастап мынадай тармақ қолданысқа енгізілгенін еске саламыз:
19) тауарлардың электрондық каталогы - интернет-дүкендер арқылы әлеуетті өнім берушілер ұсынатын тауарлар туралы мәліметтер орналастырылатын веб-порталмен интеграцияланған ақпараттық жүйе.».
Анықтамалық:
«Электрондық қаржы орталығы» АҚ, Мемлекеттік сатып алу порталының бірыңғай операторы ретінде (бұдан әрі – ЭҚО АҚ) «сынама» ретінде баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен тауарлардың электрондық Каталогына қол жеткізуді ұсыну бойынша қызметті бәсекелестік негізде сатып алуды жүзеге асырды, онда 31.12.2020 жылға дейін мемлекеттік мекемелердің сатып алуы үшін электрондық Каталог ретінде, www.omarket.kz электрондық алаңы бар отандық өнім беруші «Электрондық коммерция орталығы» ЖШС жеңімпаз деп танылды.
Каталог құны 100 АЕК-ке дейінгі тауарларды ~15 мың Тапсырыс берушінің (оның ішінде мемлекеттік мекемелер мен ведомстволық бағынысты квазимемлекеттік компаниялар) жедел сатып алуы үшін электрондық алаң болып табылатынын атап өтеміз.
Сонымен қатар, Каталог жетекші логистикалық жүйелермен біріктірілген, бұл Өнім берушіге тауарларды жеткізу туралы ойлмауға мүмкіндік береді – курьерлердің өздері Сіздің тауарды алып кетіп, Тапсырыс берушілерге жеткізеді.
Жоғарыда айтылғандарға байланысты, бәсекелестікті арттыру, Сіздің сатуларыңыздың көлемін ұлғайту және мемлекеттік мекемелердің тауарларды бір көзден сатып алуды жүзеге асыруының ашықтығы мақсатында - барлық әлеуетті өнім берушілерді Сіздің тауарларыңыз және бағаларыңыз бойынша ақпаратты www.omarket.kz электрондық каталогында орналастыруға шақырамыз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  30.01.2020

Қаржы министрлігі Қаржы министрінің міндетін атқарушысының 2020 жылғы 31 қаңтардағы № 92 бұйрығымен Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына өзгерістер енгізілгені (ҚР ӘМ-де 2020 жылғы 31 қаңтарда №19955 тіркелді) туралы хабарлайды.

Мемлекеттік сатып алу қағидаларына, ҚМ 2019 жылғы 31 мамырдағы №521 және 2019 жылғы 29 шілдедегі №798 бұйрықтарына енгізілген өзгерістер қолданысқа 2020 жылғы 1 ақпаннан бастап енгізіледі.

Бұйрықтың мәтінімен, Салыстырмалы кестемен, өзгерістердің новеллаларымен осында танысуға болады (1234)

Толығырақ

Назар аударыңыз!

Хабарламалар  29.01.2020

«Қазақтелеком» АҚ 2020 жылғы 1 ақпанда сағат 02:00 бастап сағат 04:20 дейін Нұр-Сұлтан қаласындағы деректерді өңдеу орталығында жөндеу-қалыпқа келтіру жұмыстарының жүргізілетінін, осыған байланысты жоғарыда аталған уақыт аралығында мемлекеттік сатып алу веб-порталы қол жетімсіз болатынын хабарлаймыз.
Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ