Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!


«Электрондық қаржы орталығы» АҚ «Мемлекеттік сатып алу туралы заң» және «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары» нормаларын іске асыру шеңберінде электрондық дүкендердің ақпараттық жүйелерін айқындау бойынша электрондық дүкендердің ақпараттық жүйелерінің меншік иелерінен электрондық дүкен арқылы тәсілмен мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру үшін электрондық дүкенге қойылатын талаптарға сәйкестігіне кейіннен мемлекеттік сатып алу веб-порталымен интеграцияланатын өтінімдерді қабылдау басталғаны туралы хабарлайды.

Электрондық дүкеннің ақпараттық жүйесі электрондық дүкенге қойылатын талаптарда сипатталған функционалдылықты қамтамасыз етуі керек.

 

Электрондық дүкенді анықтау тәртібімен мына жерден танысуға болады.

Өтінімдерді қабылдау уақыты:

2022 жылғы «11» қаңтардан бастап.

Өтінімдерді қабылдау орны:

Нұр-Сұлтан қаласы, Достық көшесі 18, «Мәскеу» БО, 19-қабат, 1953-кабинет.

Байланысу үшін: Блудова Альбина Ильдаровна, тел.: 73 55 37 (ішкі 1131)