Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.
Құрметті веб-портал пайдаланушылары!
Қазақстан Республикасы Жоғары аудиторлық палатасының нұсқамасын орындау шеңберінде 2026 жылғы 7 тамызда мемлекеттік сатып алу веб-порталының өнімді ортасына мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу кезінде шарттың қазынашылық тіркеу белгісін өзгерту мүмкіндігін болдырмау бөлігінде функционалдық өзгеріс енгізілді.
Аталған шектеу Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 18-бабы 2-тармағының 2), 3), 5) және 16) тармақшаларында көзделген жағдайларда мемлекеттік сатып алу туралы шартқа өзгерістер енгізу кезінде қолданылады.
Бұл пысықтау мемлекеттік сатып алу туралы шарттарына өзгерістер енгізу кезінде заңнамада белгіленген талаптардың сақталуын қамтамасыз етуге, сондай-ақ веб-портал арқылы жүзеге асырылатын рәсімдердің дұрыстығы мен ашықтығын арттыруға бағытталған.
