Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!


Құрметті пайдаланушылар!

Мемлекеттік сатып алу веб-порталы жүйесі 2025 жылғы 30 шілдеден бастап Мемлекеттік кірістер комитетінің «Салықтық әкімшілендірудің интеграцияланған жүйесі» ақпараттық жүйесімен интеграция арқылы өнім берушінің ҚҚС есебінде тұрғанын тексеретінін хабарлаймыз.

Егер өнім беруші ҚҚС есебінде тұрмаса не шарттың/қосымша келісімнің жобасында тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іске асыру бойынша айналымға ҚҚС салынбаған жағдайда, әдепкі қалып бойынша «ҚҚС есебінсіз» белгісі қойылады.

Осыған байланысты, тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алу туралы шарттың жобасын дұрыс қалыптастыру мақсатында, жасалатын шарт мәнінің ҚҚС төлеуден босатылған айналымдарға жатқызылу мәніне тексеруі қажет.

Егер Салық кодексіне сәйкес тауарларды, жұмыстар мен қызметтерді іске асыру бойынша айналымға ҚҚС салынбаған жағдайда, тапсырыс беруші шарт жобасында өнім берушінің ҚҚС белгісі бойынша деректерді сұратпауына болады.

Егер шарт бас ұйымның филиалымен жасалған жағдайда, онда тапсырыс беруші
шарттың/қосымша келісімнің жобасында төлеушінің «ҚҚС» белгісін тексеру бойынша
сұрау салуға бастамашылық жасауы қажет (жүйе бас ұйымның статусын
көрсетеді).