Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 28 шілдедегі № 396 бұйрығымен (ҚР ӘМ-де 2025 жылғы 29 шілде № 36522 болып тіркелді) Ұлттық әл-ауқат қоры мен Ұлттық әл-ауқат қорының ұйымдарын қоспағанда, квазимемлекеттік сектордың жекелеген субъектілерінің сатып алуын жүзеге асыру қағидаларына (ҚР ҚМ 30.11.2021ж. № 1253 бұйрығымен бекітілген), Ерекше тәртіпті қолдана отырып, мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын (ҚР ҚМ 07.10.2024ж. № 671 бұйрығымен бекітілген) Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына (ҚР ҚМ 09.10.2024ж. № 687 бұйрығымен бекітілген) түзетулер енгізілді.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі (zan.gov.kz).
Бұйрықтың мәтінімен және Салыстырмалы кестемен осында танысуға болады.