Барлық веб-портал пайдаланушыларына!
Қазақстан Республикасының аумағында 2024 жылғы 1 наурыздан бастап бірыңғай сағат белдеуі белгіленуіне байланысты, орталық мемлекеттік органдар «Қазақстан Республикасы аумағында уақыт есептеу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің №1749 қаулысына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2024 жылғы 19 қаңтардағы №20 қаулысын қабылдай отырып, тиісті салаларда уақтылы көшу бойынша алдын ала дайындық шараларын жүргізуі қажет.
Осыған байланысты, 2024 жылғы 29 ақпанда сағат 22:00:00 -ден бастап 2024 жылғы 1 наурызда сағат 02:00:00 -ге дейін веб-порталда техникалық жұмыс жүргізілетінін хабарлаймыз. Сатып алу туралы өтінімдер мен толықтыруларды қабылдау мерзімдерін, шарттарға қол қою мерзімдерін, шағымдар беру және қабылданған шешімге шағымдар беру мерзімдерін, шағымдарды қарау мерзімдерін ауыстыру туралы ақпарат кейінірек орналастырылады.