Назар аударыңыз! Сатып алуларды және шарттарды ауыстыру!
1. 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден бастап 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 10:10:00-ге дейінгі кезеңде порталдың қолжетімді болмауына байланысты, 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден бастап 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 10:10:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алу», «Ашық конкурс», «Алдын ала білікті іріктеу конкурсы», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс», «Тендер», «Рейтингтік-балдық жүйені қолданумен конкурс», «Сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Баға ұсыныстарына сұрау салу (МС емес new), «МС емес сәтсіз сатып алулар бойынша бір көзден», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың екінші кезеңі», «Негізгі келісімді пайдалана отырып конкурстың бірінші кезеңі» деген сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алулар» модулінің өтінімдерін қабылдауды және толықтыруды аяқтау мерзімдері 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 10:00:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Өтінімдерді қабылдауды бастау мерзімі 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 09:00:00-ге түсетін, ерекше тәртіпті қолданумен мемлекеттік сатып алуды өткізу 2024 жылғы 26 қаңтарда сағат 09:00:00-ге ауыстырылды.
2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден 2024 жылғы 25 қаңтарда 10:10:00-ге дейінгі кезеңге түсетін аукциондық сауда-саттық 2024 жылғы 26 қаңтарға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттық өткізу уақыты өзгеріссіз қалды.
Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
2. 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 21:25:00-ден бастап 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 10:10:00-ге дейінгі кезеңде порталдың қолжетімді болмауына байланысты, «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс», «Тәрбиеленушілер мен оқушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру қызметтерін сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алуды жүргізу тәсілі бойынша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2024 жылғы 26 қаңтарға ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Мерзімдері ауыстырылған сатып алулар туралы ақпаратты
көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
3. Порталдың қолжетімді болмауына байланысты, 2024 жылғы 24 қаңтарда сағат 23:59:59-ға түсетін, қол қою қажеттілігі туралы хабарламалар жіберілген шарттарға қол қою мерзімдері 2024 жылғы 25 қаңтарда сағат 23:59:59-ға ауыстырылғанын хабарлаймыз.
Мерзімдері ауыстырылған шарттар туралы ақпаратты көру үшін
келесі сілтемеге өтіңіз.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.