Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 1063501

Хабарлама тақырыбы
Автомобиль жүрісіндегі крандар максималды жүк көтергіштігі 10 т

Хабарлама типі
КҚ түсіндіру бойынша сұрау

Жеткізуші
ИП "Кошеков"

Жеткізуші өкілі
КОШЕКОВ НУРЛАН КЕНЕСОВИЧ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-07-29 15:46:10

Хабарлама мәтіні
Автомобиль жүрісіндегі крандар максималды жүк көтергіштігі 10 т осы техниканың орнына 16 тонналық салуға болама? Есепке аласыздарма? Себебі автомобиль жүрісіндегі крандар 16 тонналық көрсетілген жұмыстарды орындауға толық сәйкес келеді.


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2026-07-30 17:37:42

Автор
ӘЛИЕВ ӘДІЛХАН МЫРЗАҒАЛИҰЛЫ

Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Түсіндірме мәтін
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 бұйрығымен бекітілген «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларының» 46-тармағының 4) тармақшасына сәйкес (бұдан әрі - Ереже), Заңның 11-бабының 1-тармағына сәйкес әлеуетті өнім берушілерге және (немесе) тартылатын қосалқы мердігерлерге (бірлесіп орындаушыларға) мемлекеттік сатып алу туралы шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық, еңбек және қаржы ресурстарын иеленуден, сондай-ақ қызметкерлер алдында жалақы төлеу бойынша мерзімі өткен берешегі болмаудан тұратын біліктілік талаптары қойылады.
Осылайша, шарт бойынша міндеттемелерді орындау үшін жеткілікті материалдық және еңбек ресурстарының болуымен жасалатын біліктілік талаптары тікелей жұмыстарды орындау қажеттілігінен туындайды. Алшақтықтарды жою және бірыңғай тәсілді қамтамасыз ету мақсатында біліктілік талаптары сметалық құжаттамаға сәйкес жасалған. Техникалық ерекшелікте «Автомобиль жүрісіндегі крандар максималды жүк көтергіштігі 10 т» деп нақты белгіленген. Аталған талап тапсырыс берушінің өндірістік қажеттілігіне және материалдық ресурстардың барлық сипаттамалары ресурстық сметаның ережелерi негiзiнде қатаң айқындалған.