Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 1060704

Хабарлама тақырыбы
Смета

Хабарлама типі
КҚ ескертулер

Жеткізуші
"KAZ SERVICE AGENCY" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жеткізуші өкілі
БАЛМАНОВ НУРЖАН УЗБЕКОВИЧ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-07-02 10:06:58

Хабарлама мәтіні
Толық смета керек


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2026-07-08 11:37:01

Автор
ИЗГАЛИЕВА МОЛДИР ЕРКИНКЫЗЫ

Шешім:
Отклонить замечания

Бас тарту себебі
Мемлекеттік сатып алу туралы заңнамаға және Қаржы министрінің бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, ағымдағы жөндеу және декоративті-әрлеу жұмыстары бойынша өткізілетін ашық конкурстарда локальды сметаны қоса беру талап етілмейді. Техникалық ерекшелікте әрбір жұмыс түрі, оның көлемі (шаршы және погондық метрмен), сондай-ақ жұмыстың сипаты толық және нақты көрсетілген. Бұл ақпарат әлеуетті өнім берушіге өз алдына сметалық есептеулер жүргізуге, жұмысты орындаудың өзіндік құнын, оның ішінде материалдар шығынын, көлік шығыстарын, еңбек ақыны және басқа да үстеме шығындарды ескеріп, конкурстық бағаны қалыптастыруға толық мүмкіндік береді. Жалпы сатып алу сомасы 61 839 913 теңге мөлшерінде Алматы қаласындағы осыған ұқсас декоративті-әрлеу жұмыстары мен құрылыс материалдарының орташа нарықтық бағасына мониторинг жүргізу негізінде қалыптастырылды. Шарт бағасы түпкілікті және өзгермейтін болып табылады, ал өнім беруші өз ұсынысын қалыптастыру барысында барлық шығындарды, оның ішінде сметалық пайда мен күтпеген шығындарды нарықтық конъюнктураға сәйкес өз бетінше есептейді. Қазіргі таңдағы техникалық ерекшеліктегі мәліметтер әлеуетті өнім берушілер үшін тең жағдай жасауға және жұмыстың толық көлемін бағалауға толықтай жеткілікті. Құжаттарды дайындау барысында барлық жұмыстардың орындалуына қажетті технологиялық үдерістер, соның ішінде огрунтовка мен сапалы бояудың өзара байланысы ескерілген. Заңнама талаптарына сәйкес, ағымдағы жөндеу жұмыстары үшін жобалық-сметалық құжаттаманы әзірлеу және оны мемлекеттік сараптамадан өткізу талап етілмейтіндіктен, қосымша локальды сметаны талап ету негізсіз деп танылады. Осыған байланысты, конкурстық құжаттаманы өзгертуге немесе жаңадан жариялауға ешқандай негіз жоқ.