Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.
Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 628412
Хабарлама тақырыбы
КД қойылатын ескертулер
Хабарлама типі
КҚ ескертулер
Жеткізуші
"Valtor Build" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі
Жеткізуші өкілі
ОРАЗАЛИН МИРАС СЕРИКОВИЧ
Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-04-20 15:25:04
Хабарлама мәтіні
Құрметті ұйымдастырушы мен тапсырыс беруші, әлеуетті өнім берушіге қойылатын біліктілік талаптардың шамадан тыс шектеп отырғандықтарыңызды хабарлағым келеді, бұл талап 1 немесе 2 команияның ғана мүддесіне ыңғайлы етіп жасалған секілді. Бұл басқа осы лотқа қатысуға ниет білдірген команиялардың мүмкіндігін шектеп отырсыздар. Мысалы: талқылауда сертификацияланған маманға қатысты талапқа назар аудартқым келеді. Қазақстанда заң бойынша маманның дәл өндіруші сертификациясынан өтуі міндетті деп жазылмаған. Профильдік жоғары білімі бар маман жеткілікті. Оның үстіне, тіпті өндірушінің өзі білікті дипломы бар маманға қызмет көрсетуге тыйым салмайды. Мемлекеттік сатып алу заңнамасында да міндеттелмеген егер сертификатты бар маман керек болса онда жоғарғы оқуды оқыған маманның қандай пайдасы бар?. Осыған орай, құжаттарды қайта қарастырып, сертификацияланған маман туралы өндірушіден немесе ресми диллерден "мегаполис"АСУДД бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысының алгоритмдерінің техникалық мүмкіндіктері мен сипаттамалары тақырыбында оқытудан өткен маман және және өндірушіден немесе ресми диллерден "мегаполис"АСУДД бағдарламалық қамтамасыз ету жұмысының автоматтандырылған және диспетчерлік алгоритмдерін орнату, баптау" тақырыбында оқудан өткен маман талапты алып тастап, профильдік жоғары білімі бар маман шартын қалдыруды сұраймын! Рақмет! Егер бұл ескертулер орындалмаса онда Қазақстан Республикасының қай заңнамасын ескере отырып және қай өндірушінің талабында айтылғанын түсіндіріп берулеріңізді сураймын.
Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары
Күні:
2026-04-22 15:25:36
Автор
РАХЫШЕВ СЫРЫМ ТУРЛУМБЕКОВИЧ
Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации
Түсіндірме мәтін
Бүгінгі таңда Қосшы қаласында 2025 жылғы 17 ақпандағы «Мегаполис» ЖҚБАС (АСУДД) бағдарламалық жасақтамасын өнеркәсіптік пайдалануға беру актісіне сәйкес, «Мегаполис» жол қозғалысын басқарудың автоматтандырылған жүйесінің бағдарламалық жасақтамасы пайдалануға қабылданып, қолданысқа енгізілді. Өнім беруші орнатылған бағдаршам нысандарында қолданыстағы жүйемен интеграцияны қамтамасыз етуі тиіс (техникалық ерекшелікке қосымша файлдың 1.7-тармағы). Біліктілік талаптары «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңның 12-бабы, 5-тармағының 1) тармақшасындағы нормалардың талаптарына толық сәйкес келеді. Осыған байланысты, Өнім беруші орнатылған бағдаршам нысандарында қолданыстағы «Мегаполис» ЖҚБАС бағдарламалық жасақтамасымен интеграцияны қамтамасыз етуі қажет. Себебі бағдаршам нысандарының «Мегаполис» ЖҚБАС-тан тыс жұмыс істеуі оларды кейіннен қайта қосу қажеттілігіне әкеп соғады, бұл бюджет қаражатын тиімсіз жұмсау болып табылады және Заңның 5-бабы, 1-тармағының 1) тармақшасына сәйкес бұзушылық деп танылады
