Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 629886

Хабарлама тақырыбы
Техникалық сипаттама

Хабарлама типі
КҚ ескертулер

Жеткізуші
"Kaz Power Tech" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жеткізуші өкілі
НУРМУХАМЕДОВА ЕРКЕЖАН ЕРЛАНҚЫЗЫ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-04-22 09:47:22

Хабарлама мәтіні
Сатып алу порталында қалыптасқан techspec_16815900_41338013 файлындағы Сатып алынатын тауарлардың техниикалық сипаттамалары конкурстық құжаттамаға бірге жүктелген Сақау рус. Және сақау қаз файлдарында - Тапсырыс беруші - Түркістан облысының ветеринария басқармасының басшымен бекітілген техникалық сипаттамалармен мүлдем сәйкес келмейді.
Осы орайда, техникалық сипаттамаларды Тапсырыс берушінің техникалық сипаттамасына сәйкес қалпына келтіруді сұраймыз.
Атап өтсек, «Вакцина құрамында қосымша кең спектрлі антибиотиктер, сульфадимезин, триметоприм және полиоксидоний бар, адъювантты және иммуномодуляциялық агент ретінде С серологиялық тобының стрептококк мәдениетінен дайындалатын тазартылған ареактивті препарат болуы тиіс. Сыртқы түрі бойынша вакцина стерильді суда немесе натрий хлоридінің изотоникалық ерітіндісінде 9% біртекті сүтті суспензияда еріген кезде ақ немесе ақшыл түсті ұнтақ болып табылады» деген сөйлемдердің болуы нақты бір препаратты меңзейді, яғни әлеуетті қатысушылардың санын шектейді. Ол өз кезегінде Сатып алулар туралы ҚР заңына қарама қайшы келеді. Тех сипаттамаларда вакциналардың шығарылу нысаны (құрғақ, сұйық) көрсетілмеуі керек.


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2026-04-23 10:17:53

Автор
СЕЙТІСХАНОВ НҰРШУАҚ СӘКЕНҰЛЫ

Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Түсіндірме мәтін
Түркістан облысының мемлекеттік сатып алу басқармасы келесіні хабарлайды. Әлеуетті өнім берушілердің конкурсқа қатысуға өтінімі конкурстық құжаттамада белгіленген талаптары мен шарттарына сәйкес веб-портал арқылы электрондық құжат нысанында ұсынылады. Өз кезегінде конкурстық өтінім (дәлірек, техникалық ерекшелік) Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы 2024 жылғы 9 қазандағы № 687 Бұйрығының конкурстық құжаттамасына 13-қосымшаға сәйкес ұсынылуға тиіс. Сіз ұсынылатын тауардың техникалық сипаттамасын сандық және сапалық эквиваленттерді жақсарту бағытында өтініміңізді ұсынуға құқығыңыз бар.