Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 598580

Хабарлама тақырыбы
Артық талаб

Хабарлама типі
КҚ ескертулер

Жеткізуші
"SAB Construction" жауапкершілігі шектеулі серіктестігі

Жеткізуші өкілі
БАЙМАХОВ СӘБИТЖАН ӨМІРБЕКҰЛЫ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-03-04 09:29:05

Хабарлама мәтіні
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің "Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы" №687 бұйрығының (әрі қарай - Қағида) 49 тармағына байланысты "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес орналасуға рұқсат алу, хабарлама жіберу қажет тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырған жағдайда ұйымдастырушы және (немесе) тапсырыс беруші әлеуетті өнім берушілерге тиісті рұқсаттың (хабарламаның)болуы туралы талапты белгілеуге міндетті.
Бұл мемлекеттік сатып алудың қысқаша сипаттамасы - Құрылыс қызметі саласын қоспағанда, техникалық қадағалауды жүзеге асыру жөніндегі қызметтер.
Қазақстан Республикасының 2014 жылғы 16 мамырдағы № 202 V ҚРЗ "Рұқсаттар және хабарламалар туралы" Заңына 1-қосымшаға сәйкес сәулет, қала құрылысы және құрылыс қызметі саласында сараптамалық жұмыстар мен инжинирингтік қызметтерді жүзеге асыратын сарапшыларды аттестаттау екінші санатқа жатады.
Демек, техникалық қадағалау жұмыстарын аккридиттелген мекеме жүзеге асыру қажет және мемлекеттік сатып алудың конкурстық құжаттамасының 8 қосымшасының 1 тармағында әлеуетті өнім берушілерден келесі рұқсаттын түрі сұратылу міндетті - Бірінші және екінші деңгейдегі жауапкершілік объектілерін техникалық қадағалауды және техникалық байқауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу (Бірінші және екінші деңгейдегі жауапкершілік объектілерін техникалық қадағалауды жүзеге асыратын заңды тұлғаларды аккредиттеу).
Қағиданың 72-тармағына сәйкес егер Қазақстан Республикасының рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамасына сәйкес орындауға (көрсетуге) бірінші немесе екінші санаттағы тиісті рұқсаттың болуы талап етілетін жұмыстар немесе көрсетілетін қызметтер мемлекеттік сатып алу нысанасы болып табылған жағдайда, материалдық және еңбек ресурстарына ие болу бөлігінде біліктілік талабы ұсынылмайтыны айқындалған.
Осылайша Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» заңының 5 бабы 1 тармағы 3 тармақшасының қағидаты және 11 бабының 3 тармағы айқын түрде бұзылған.
Осыған орай, конкурстық құжаттамаға өзгеріс енгізуді сұраймын.