Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 587065

Хабарлама тақырыбы
Техникалық ерекшелікке қатысты: ҚҚ "Асыл Мұра-Орда" ОЙЛАУЫНА қатысты

Хабарлама типі
КҚ ескертулер

Жеткізуші
"ALDASPAN" талдау орталығы" жеке меншік мекемесі

Жеткізуші өкілі
ТОЙҒЫЛЫ ДІНМҰХАММӘД ӘБУБӘКІРҰЛЫ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-02-16 23:38:46

Хабарлама мәтіні
Заңнамада ОЙЫМША, ОЙША, т.б. қарастырылмайды. Бұл талап әлеуетті Өнім берушіліердің осы конкурсқа қатысу мүмкіншілігін шектейді. Нақтылау, ҚР Мемлекеттік сатып алу заңының 5.1. - 2,3,4 және 7 тармақтарына қайшы.


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2026-02-17 10:06:00

Автор
ТӨРЕХАН РЫСКҮЛ ТӨРЕХАНҚЫЗЫ

Шешім:
Отклонить замечания

Аталған тармақтың мақсаты – шақырылатын мамандардың жеке өміріне немесе конституциялық құқықтарына қол сұғу емес, жобаның ақпараттық қамтуын және тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жерде сөз жеке парақшаны «міндетті түрде пайдалану» туралы емес, жоба аясында алдын ала келісілген ақпараттық қолдау тетігі туралы болып отыр.
Шақырылатын спикерлер жобаға қатысуға келісім беру барысында оның шарттарымен, соның ішінде ақпараттық сүйемелдеу талаптарымен танысады. Егер маман жоба шарттарын қабылдамаса, ол қатысудан бас тартуға толық құқылы. Бұл оның құқықтарын шектеу емес, келісім еркіндігі қағидатына негізделген өзара шарттық қатынас.
Сонымен қатар, әлеуметтік жобаларда сарапшылардың жеке кәсіби беделі мен аудиториясы жобаның қоғамдық әсерін күшейтудің маңызды құралы болып табылады. Сондықтан бұл тармақ жобаның нәтижелілігін қамтамасыз ететін техникалық талап ретінде енгізілген.
Осыған байланысты аталған норманы алып тастау немесе «қарсы болмаса» деп өзгерту жобаның ақпараттық индикаторларын орындауға тәуекел тудыруы мүмкін деп есептейміз.
Сондықтан техникалық ерекшеліктегі осы тармақты бастапқы редакцияда қалдыруды орынды деп санаймыз.