Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 587049

Хабарлама тақырыбы
әлеуметтік желіге шақырылған маманның ақпараты туралы

Хабарлама типі
КҚ түсіндіру бойынша сұрау

Жеткізуші
"Асыл Мұра-Орда" қоғамдық қоры

Жеткізуші өкілі
ӘБДІҒАПБАР ПЕРИЗАТ ҚАНЖАРБЕКҚЫЗЫ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-02-16 23:22:33

Хабарлама мәтіні
Шақырылған маман нақты сұраққа жауап беріп, ақпарат бергендіктен, оның өз жеке парақшасында бөлісуі ешқандай шектеу ретінде қарастырылады деп ойламаймын. яғни тапсырыс берушіден келісім алынған сұрақ аясындағы ақпаратын шақырылатын маман, қолданыстағы заңға сәйкес ақпаратын бөлісе алады деп ойлаймыз.


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2026-02-17 10:05:24

Автор
ТӨРЕХАН РЫСКҮЛ ТӨРЕХАНҚЫЗЫ

Шешім:
Отклонить замечания

Аталған тармақтың мақсаты – шақырылатын мамандардың жеке өміріне немесе конституциялық құқықтарына қол сұғу емес, жобаның ақпараттық қамтуын және тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жерде сөз жеке парақшаны «міндетті түрде пайдалану» туралы емес, жоба аясында алдын ала келісілген ақпараттық қолдау тетігі туралы болып отыр.
Шақырылатын спикерлер жобаға қатысуға келісім беру барысында оның шарттарымен, соның ішінде ақпараттық сүйемелдеу талаптарымен танысады. Егер маман жоба шарттарын қабылдамаса, ол қатысудан бас тартуға толық құқылы. Бұл оның құқықтарын шектеу емес, келісім еркіндігі қағидатына негізделген өзара шарттық қатынас.
Сонымен қатар, әлеуметтік жобаларда сарапшылардың жеке кәсіби беделі мен аудиториясы жобаның қоғамдық әсерін күшейтудің маңызды құралы болып табылады. Сондықтан бұл тармақ жобаның нәтижелілігін қамтамасыз ететін техникалық талап ретінде енгізілген.
Осыған байланысты аталған норманы алып тастау немесе «қарсы болмаса» деп өзгерту жобаның ақпараттық индикаторларын орындауға тәуекел тудыруы мүмкін деп есептейміз.
Сондықтан техникалық ерекшеліктегі осы тармақты бастапқы редакцияда қалдыруды орынды деп санаймыз.