Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 585853

Хабарлама тақырыбы
Шақырылған спикердің жеке өзінің тұтынуындағы әлеуметтік парақшасын пайдалануға қатысты

Хабарлама типі
КҚ ескертулер

Жеткізуші
"ALDASPAN" талдау орталығы" жеке меншік мекемесі

Жеткізуші өкілі
ТОЙҒЫЛЫ ДІНМҰХАММӘД ӘБУБӘКІРҰЛЫ

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2026-02-13 11:48:31

Хабарлама мәтіні
"Өнім беруші әзірленген бейнеөнімді әр шақырылушы маманға ұсынып, олардың әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында жариялануын қамтамасыз етеді" - Бұл жерде шақырылатын спикер Тапсырыс беруші 3-ші жақ болып саналады. Оның жеке қолданылуындағы әлеуметтік парақшасына ақпарат салу міндетін ол қабылдамауға құқылы. Оның үстінде оның Конституциялық ақпараттық қорғалу немесе қол сұғылмауына кепілдігі бар. Бір жағынан білікті маман болып, бірақ, жеке субъективтік жеке өміріндегі қолданысындағы әлеуметтік парақшасын пайдалануға қарсы болса жұмыстың сапасына да кері ықпал етеді. Сол үшін "қарсы болмаса олардың әлеуметтік желідегі жеке парақшаларында жариялануын қамтамасыз етеді" деп өзгерткен дұрыс немесе бұл бөлімді толық алып тастау керек.


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2026-02-17 10:04:57

Автор
ТӨРЕХАН РЫСКҮЛ ТӨРЕХАНҚЫЗЫ

Шешім:
Отклонить замечания

Аталған тармақтың мақсаты – шақырылатын мамандардың жеке өміріне немесе конституциялық құқықтарына қол сұғу емес, жобаның ақпараттық қамтуын және тиімділігін қамтамасыз ету болып табылады. Бұл жерде сөз жеке парақшаны «міндетті түрде пайдалану» туралы емес, жоба аясында алдын ала келісілген ақпараттық қолдау тетігі туралы болып отыр.
Шақырылатын спикерлер жобаға қатысуға келісім беру барысында оның шарттарымен, соның ішінде ақпараттық сүйемелдеу талаптарымен танысады. Егер маман жоба шарттарын қабылдамаса, ол қатысудан бас тартуға толық құқылы. Бұл оның құқықтарын шектеу емес, келісім еркіндігі қағидатына негізделген өзара шарттық қатынас.
Сонымен қатар, әлеуметтік жобаларда сарапшылардың жеке кәсіби беделі мен аудиториясы жобаның қоғамдық әсерін күшейтудің маңызды құралы болып табылады. Сондықтан бұл тармақ жобаның нәтижелілігін қамтамасыз ететін техникалық талап ретінде енгізілген.
Осыған байланысты аталған норманы алып тастау немесе «қарсы болмаса» деп өзгерту жобаның ақпараттық индикаторларын орындауға тәуекел тудыруы мүмкін деп есептейміз.
Сондықтан техникалық ерекшеліктегі осы тармақты бастапқы редакцияда қалдыруды орынды деп санаймыз.