Размер шрифта Цветовая схема Изображения
Внимание! Соединение с приложением прервано. Дождитесь повторного подключения.

Құжаттаманы талқылау - Хабарламаны қарау № 429035

Хабарлама тақырыбы
Март-апрель айының еңбекақысы

Хабарлама типі
КҚ ескертулер

Жеткізуші
2050VVV

Жеткізуші өкілі
УРИСБАЕВА БОТОКОЗ АЛТЫБАЕВНА

Хабарды жіберу күні мен уақыты
2024-02-21 23:32:30

Хабарлама мәтіні
1.Қайырлы күн! Мемлекеттік сатып алуды Ұйымдастырушы Ханымдар мен Мырзалар. Қазаншының өз еркі қайдан құлақ шығарса дегендей, Жылы бөлмелерде отырып Ашық Конкурс жариялағандарыңа жол болсын. Мен емес сендерге айтатын, Көзі ашық көкірегі ояу Жоғары білімді саналы-салиқалы азаматсыңдар, Жаңа жылға 2024ж дейін одан кейін, яғни 2024жылдың қаңтар-ақпан айлары уақыт жеткілікті болды. Енді келіп Ақпан айының соңында Ашық Конкурс жариялайсыңдар, қанша күнге созылып жеңімпаз анықталғанша кемінде екі(2) ай уақыт өтетінін менен жақсы білесіңдер, Жеңімпаз анықталғанға дейін дәл қәзіргі уақытта оқушыларды тасымалдап жатқан автобус жүргізушілердің Отбасы- Балалары Кредиттері кіріс-шығыс Жанар-Жағар майы оған кететін шығын қайдан алады қалай ойлайсыңдар? Дәл қәзіргі уақытта бір күн жұмыс жасамасаң аштан қалып көштен қаласың. Жоғарыда айтқанымдай Мен емес сендерге айтатын, дәл қәзіргі уақытта Ашық Конкурс жариялағандарың орынсыз миға симайтын қателік. Ашық Конкурс немесе Бағалы Ұсыныс (ЗЦП)жариялау механикалық жұмыс емес қой.Қазақтың әрбір азаматы өзіне міндеттелген жұмысын уақытында көзінің қарашығын қорғағандай адал жасаса түннің бір уақытында мониторға көз майымды тауысып осы хатты жазбас едім.Әлдеде кеш емес ай сайын немесе үш айға бағалы ұсыныс (ЗЦП) жариялағандарың дұрыс болады. Басшыларыңмен ақылдасып дұрыс шешім қабылдайды деп сенемін. Мен артық айтсам айып етпеңдер


Тапсырыс беруші және ұйымдастырушы өкілдерінің, хатшының жауаптары

Күні:
2024-03-04 18:13:56

Автор
ҮСІПӘЛІ АБЫЛАЙХАН МЕДЕТҰЛЫ

Шешім:
Представить разъяснение положений конкурсной документации

Түсіндірме мәтін
ҚР Мемлекеттiк сатып алу туралы Заңының 13 бабына сәйкес,мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін уәкілетті орган айқындайтын тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер тізбесін қоспағанда, тапсырыс беруші мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін осы Заңға сәйкес айқындайды. Тапсырыс берушілер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру тәсілін айқындау кезінде мемлекеттік сатып алудың бәсекелестік тәсілдерін таңдауға ұмтылады.