Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Барлық әлеуетті өнім берушілерге!

Жаңалықтар  22.11.2021

Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларына сәйкес
(
бұдан әрі – Қағидалар), мемлекеттік сатып алу веб-порталында әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесінің болуын растайтын мәліметтер мен құжаттарды қамтитын электрондық депозитарий қалыптастырылады.

Электрондық депозитарийді қалыптастыру және жүргізу тәртібі Қағидалардың 14-тарауында айқындалған.

Әлеуетті өнім берушілердің электрондық депозитарийге соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды енгізу туралы өтінімдерін әлеуетті өнім беруші қалыптастырады және веб-портал арқылы береді.

Әлеуетті өнім берушінің соңғы он жылдағы, оның ішінде ағымдағы жылдағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттарды уәкілетті органның ведомствосы және оның аумақтық бөлімшелері олардың анықтығы расталғаннан кейін электрондық депозитарийге енгізеді.

Бұған дейін 2021 жылғы 1 шілде мен 31 тамыз аралығындағы, сондай-ақ 2021 жылғы 7 қыркүйек пен 30 қыркүйек аралығындағы кезеңде әлеуетті өнім берушілерге орындалған жұмыстар жөніндегі мәліметтерді дербес түзету бойынша мүмкіндік берілген болатын.

Әзірленген тәсілдерге сәйкес электрондық депозитарийге енгізілген әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды верификациялауға (тексеруге) мынадай шарттарға сәйкес келетін мәліметтер келіп түседі:

- 2014 жылдан кейін салынған объектілер, мұнда тапсырыс берушілер МО (ММ, РММ, КММ) болып табылады;

- лицензияланатын қызметтердің кіші түрлері толықтырылған, «Расталды» мәртебесі бар барлық мәліметтер (бұрын расталған ҚК мәліметтері);

- «Расталды» мәртебесі бар мемлекеттік органдар мен ұйымдардың растауына сұрау салулары бар барлық мәліметтер.

Жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер мен құжаттардың дұрыстығын айқындау мақсатында веб-порталда «Тексерілді. Расталған» жасыл түспен көрінеді. Жақын арада «Расталған» мәртебесі бар мәліметтер де жасыл түспен боялатын болады.

Мұндай мәліметтер (жасыл түспен боялған) өтінім берген кезде жеңімпазды анықтаудың автоматтандырылған есебіне көшу кезеңіне дейін мемлекеттік сатып алуды есепке алу және қолдану үшін міндетті болады.

Бұл ретте, электрондық депозитарийге енгізілген жаңа мәліметтерді қоспағанда, верификациядағы жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер, сондай-ақ верификация қорытындылары бойынша «Қабылданбаған» мәртебесін алған жұмыс тәжірибесін растайтын мәліметтер 2021 жылғы 31 желтоқсанға дейін оларды конкурсқа қатысуға өтінімдерде қолдану үшін қолжетімді болады.

Өз кезегінде, электрондық депозитарийге енгізілген әлеуетті өнім берушінің жұмыс тәжірибесін растайтын құжаттарды верификациялау (тексеру) 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталатынын еске саламыз.

Осыған қарай, 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап верификация (тексеру) жүргізілмеген орындалған жұмыстар жөніндегі мәліметтер оларды конкурсқа қатысуға өтінімге қосу үшін қолжетімсіз болады.

Осыған байланысты, әлеуетті жеткізушілерден Қағидалардың
453-454-тармақтарында көрсетілген тұлғалардың орындалған жұмыстар бойынша мәліметтерді растау жөніндегі жұмысты жандандыруды сұраймыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Жоспарлы жұмыстар!

Хабарламалар  22.11.2021

"Қазақтелеком" АҚ 2021 жылғы 25 қарашада сағат 01:50-ден 06:00-ге дейінгі кезеңде Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша деректерді өңдеу орталығында жоспарлы профилактикалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты веб-порталда қысқа мерзімді іркілістер болуы мүмкін.

Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруыңызды сұраймыз.

Толығырақ

Всем пользователям веб-портала!!!

Жаңалықтар  19.11.2021

В дополнение к новости от 28.02.2020

Сообщаем, что 22.10.2021 на веб-портале государственных закупок обновлен перечень поставщиков, которым доступно принять участие в закупках способом "Конкурс с предварительным квалификационным отбором» признак «Закупка товаров программного обеспечения и продукции электронной промышленности». С Реестром можно ознакомиться здесь.

При этом отмечаем, что в случае признания государственных закупок способом конкурса с предварительным квалификационным отбором несостоявшимися, заказчикам на Портале доступно осуществить повторные закупки тем же способом либо иными способами государственных закупок Республики Казахстан.
Создание заявки на закупку способом «Конкурс с предварительным квалификационным отбором» с признаком «Закупка товаров программного обеспечения и продукции электронной промышленности» доступно поставщикам, определенным Уполномоченным органом в сфере обеспечения информационной безопасности (далее - УО). По вопросам добавления в перечень определенных УО поставщиков необходимо обращаться в Министерство цифрового развития, инноваций и аэрокосмической промышленности Республики Казахстан. Ознакомится с Правилами формирования и ведения Реестра для признака «Закупка товаров программного обеспечения и продукции электронной промышленности» можно здесь.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!

Хабарламалар  19.11.2021

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің «Ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесінде 2021 жылғы 19 қарашадан сағат 23.00-ден 2021 жылғы 20 қарашаға сағат 03.00-ге дейінгі кезеңде техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтерді өңдеу қолжетімсіз болады.

Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруыңызды сұраймыз.

Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  18.11.2021

2021 жылғы 18 қарашада құрылыс саласындағы жұмыстарды мемлекеттік сатып алу туралы шарттардағы актілерді құру және келісу функционалы іске асырылды. Функционал Техникалық қадағалау сарапшыларының келісуі қосымша процесін қарастырады. Нұсқаулықпен түбегейлі таныс үшін сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  17.11.2021

17.11.2021 ж. мемлекеттік сатып алу веб-порталында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталының, сондай-ақ ҚР ҰКО-ның қолжетімсіз болуымен байланысты жоғары деңгейдегі техникалық іркілістің тіркелгенін хабарлаймыз. Осыған байланысты 2021 жылғы 17 қарашада сағат 09:31-ден бастап 11.00 дейінгі аралыққа келіп түсетін «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Өткізілмеген сатып алулар бойынша бір көзден», «Аукцион (МС емес)» сатып алу тәсілі бойынша өтінімдерді, баға ұсыныстарын қабылдау мен қосымша өтінімдерді қабылдау мерзімінің аяқталуы 2021 жылғы 17 қарашада 13:00 ауыстырылды.
2021 жылғы 17 қарашада сағат 09:31-ден бастап 11.00 дейінгі аралыққа келіп түсетін Аукциондық сауда-саттық 2021 жылғы 17 қарашада сағат 13:00-ге ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін, келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық веб-порталды пайдаланушыларға!

Жаңалықтар  11.11.2021

Мемлекеттік сатып алу порталында шарттағы оқылмаған хабарламалардың санын көрсету функционалының іске асырылғанын хабарлаймыз. Тапсырыс берушілер мен Өнім берушілер үшін функционал «Менің шарттарым» бөлімінде қол жетімді.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Порталдың барлық пайдаланушыларына!

Хабарламалар  09.11.2021

2021 жылғы 6 қараша сағат 01:45:00-ден 2021 жылғы 9 қараша сағат 18:12:00-ге дейін туындаған техникалық проблемаларға байланысты электрондық пошта support@ecc.kz қол жетімсіз болды. Көрсетілген электрондық мекенжайға 2021 жылғы 9 қараша күні сағат 18:12:00-ден бұрын жіберілген өтініштер, өкінішке орай, байланыс орталығының мамандарына жеткізілмеді, сұраныстарды қайта жолдауларыңызды сұраймыз.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жоспарлы профилактикалық жұмыстар!

Хабарламалар  05.11.2021

Мемлекеттік сатып алу Веб-порталында 06.11.2021 жылғы сағат 00:00-ден 07.11.2021 жылғы сағат 23:59-ға дейін Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу Веб-порталы қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруыңызды сұраймыз.
Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.


Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Жоспарлы профилактикалық жұмыстар!

Хабарламалар  03.11.2021

Мемлекеттік сатып алу Веб-порталында 06.11.2021 жылғы сағат 00:00-ден 07.11.2021 жылғы сағат 23:59-ға дейін Нұр-сұлтан қаласының уақыты бойынша жоспарлы алдын алу жұмыстары жүргізілетінін хабарлаймыз, осыған байланысты көрсетілген уақыт аралығында Мемлекеттік сатып алу Веб-порталы қолжетімсіз болады.
Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруыңызды сұраймыз.
Сатып алу мерзімін ауыстыру туралы ақпарат кейінірек жарияланады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ