Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  24.01.2022

Қазақстан Республикасы Ұлттық куәландырушы орталығы тарапынан техникалық ақау тіркелді, осыған байланысты сертификатты таңдау кезінде проблема себебі бойынша мемлекеттік сатып алу веб-порталында авторизация қолжетімді болмайды.

Осыған байланысты 2022 жылғы 24 қаңтарда сағат 10:16-дан бастап13:00-ге дейін түсетін өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі және сатып алудың барлық тәсілі бойынша өтінімдерді толықтыруды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 24 қаңтарда сағат 17:00-ге кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

2022 жылғы 24 қаңтарда сағат 10:16-дан 13:00-ге дейінгі кезеңге түсетін аукциондық сауда-саттық 2022 жылғы 25 қаңтарда сағат 11:00-ге кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

Кейінге қалдырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  21.01.2022

2022 жылғы 21 қаңтарда, егер шарттағы жоспардың барлық тармақтары камералдық бақылаудың тексерілуіне жатпаған жағдайда, Тапсырыс беруші Шарт жобасына қол қоюға жібергеннен кейін бірден өнім берушіге «Шартты тікелей жасасу жолымен бір көзден» (бұдан әрі – ШТЖБК) шартқа қол қою мүмкіндігі бөлігінде «Шарттар» модулін пысықтау іске асырылды.

Егер шарттағы жоспардың кем дегенде бір тармағы ШТЖБК тәсілімен камералдық бақылау жүргізуге жататын болса, онда Тапсырыс беруші шарттың жобасына қол қойған сәттен бастап 5 жұмыс күні өткеннен кейін не шарттың барлық тармағы бойынша камералдық бақылау жүргізілгеннен кейін бірден өнім берушінің шартқа қол қою мүмкіндігі пайда болады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Порталдың барлық пайдаланушыларына!

Хабарламалар  20.01.2022

11.01.2022 жылғы жаңалықтарға қоса, шағымдарды берудің соңғы мерзімі 25.01.2022 ж. сағат 23:59:59-ға келетін сатып алулар үшін хабарламаларды жіберу мерзімі 25.01.2022 ж. 23:59:59 - 02.08.2022. 23:59:59 мин. шегерілгенін хабарлаймыз. Хабарландырулар жіберу үшін қайта жоспарланған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Барлық өнім берушілер назарына!

Жаңалықтар  19.01.2022

Электрондық депозитарийдегі әлеуетті өнім берушілердің жұмыс тәртібімен келесі сілтемені басу арқылы немесе 
Өнім беруші нұсқаулығында таныса аласыз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  19.01.2022

18.01.2022 ж. мемлекеттік сатып алу веб-порталында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталының қолжетімсіздігіне, сондай-ақ өтінімдерді ұсыну кезінде 8-қосымшамен (Өтінімді қамтамасыз ету) байланысты қателіті болуына байланысты жоғары деңгейдегі техникалық іркілістің тіркелгенін хабарлаймыз. Осыған байланысты 218.01.2022 ж. сағат 15:51:00-ден бастап 19.01.2022 ж. 12:00:00 дейінгі аралыққа келіп түсетін «Баға ұсыныстарына сұрау салу», «Ашық конкурс», «Аукцион», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу жөніндегі конкурс» сатып алу тәсілі бойынша «Электрондық сатып алулар» модуліне өтінімдерді, баға ұсыныстарын қабылдау мен қосымша өтінімдерді қабылдау мерзімі 2022 жылғы 19 қаңтарда 19:00 ауыстырылды.

Ауыстырылған сатып алулар бойынша ақпаратты қарау үшін, келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

2022 жылғы 18 қаңтарда сағат 23:59:59 бастап камералдық бақылау дың хабардар етулерін, хабардар етулерді орындау мерзімдері, шағымдарды, бас тартуларды, қорытындыларды ұсыну, шарттарға қол қою мерзімдері 2022 жылғы 19 қаңтарда сағат 23:59:59 ауыстырылды.

Ауыстырылған хабардар етулер, шағымдар, бас тартулар, қорытындылар, шарттар бойынша ақпаратты қарау үшін, келесі сілтеме бойынша өтіңіз (парақтар бойынша бөлу).

Уақытша туындаған қолайсыздық үшін кешірім сұраймыз

Толығырақ

Назар аударыңыз! Шарттарды ауыстыру!

Хабарламалар  19.01.2022

Қазақстан Республикасындағы төтенше жағдайлар кезеңінде Интернеттің өшірілуі салдарынан Мемлекеттік сатып алу веб-порталының https://goszakup.gov.kz қол жетімді болмауына байланысты 2022 жылғы 6 қаңтарда сағат 23:59:59 бастап 2022 жылғы 13 қаңтарда сағат 23:59:59 дейінгі кезеңге түсетін шарттарға қол қою мерзімдері 2022 жылға 21 қаңтарда сағат 23:59:59 ауыстырылғанын хабарлаймыз.

Ауыстырылған шарттар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  18.01.2022

Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 35 бұйрығына (ҚР ӘМ-да 2022 жылғы 17 қаңтарда № 26503 болып тіркелген) сәйкес Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидалары (Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығымен бекітілген) жаңа редакцияда қабылданды. Бұйрық мәтінімен және өзгерістер новеллаларымен осы жерде танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  18.01.2022

2022 жылғы 18 қаңтардан бастап «Шарттар» модулінде мынадай пысықтаулар жүргізілгенін хабарлаймыз:

1.    Өнім беруші шартқа/қосымша келісімге қол қойғаннан кейін Қазынашылықта тіркемей шарт «Әрекет етеді» мәртебесіне ауысады, Қазынашылықта тіркеумен шарт «Тіркеуге жіберуге дайын» мәртебесіне ауысады. Бұл ретте басып шығаруға арналған нұсқа өнім беруші шартқа қол қойғаннан кейін бірден автоматты түрде қалыптастырылады.

2.    «2022 жылдан бастап Аукцион» тәсілі үшін МС туралы Заңның 43-бабы 19-т. 4 тт. бойынша жеңімпазбен жасалған шарт жойылған немесе біржақты бұзылған жағдайда Жүйе екінші үміткермен шарт жасасуға мүмкіндік бермейді. Шарт жасау жойылған кезде шарт «Жасалмаған» мәртебесіне, жоспардың тармағы «Шарт жасалмады» мәртебесіне ауысады.

3.    Электрондық актідегі «Тауар» нысанасының түрі бойынша Жүйе Өнім берушіге тарапқа тауарларды босатуға арналған электрондық жүкқұжатты толтыруға мүмкіндік береді, бұл ретте Тапсырыс беруші тауарларды алуға арналған электрондық сенімхатты ресімдеу мүмкіндігіне ие болады (егер қорытындының күні 2022 жылғы 18 қаңтардан артық не оған тең болған жағдайда).

4.    МС туралы есеп нысаны өзгерді. Есеп тек ШТЖБК тәсілі бойынша құрылады.
5.    Өнім беруші БК-да тіркемей шарттар үшін ақшалай талапты (факторингті) басқаға беруге қаржыландыру шартын жасасқан жағдайда, ұйымға ақша алушы болып табылатын факторды қосу мүмкіндігі пысықталды.

6.    Заңның 45-бабының 2-т. 7 тт. негіздемесі бойынша мемлекеттік сатып алу туралы жасалған шарттың сомасы өзгермеген жағдайда, жылдар бойынша қаржыландыру өзгерген жағдайда жұмыстарды немесе көрсетілетін қызметтерді мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалу мерзімдерін өзгерту бөлігінде жұмыстар мен қызметтердің құнын төмендету мүмкіндігі алынып тасталды.

7.    Егер Шарттың мәні көлік қызметтері, байланыс қызметтері, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерін, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды тамақтандыруды ұйымдастырумен байланысты тауарлар мен қызметтер болып табылған жағдайда, МС туралы Заңның 45-бабының 2-т. 3 тт. бойынша жасалған шарттың құнын шартты үнемдеуден жоғары сомаға арттыру мүмкіндігі.

8.    «Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 11 желтоқсандағы № 648 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» ҚР Қаржы министрінің 2022 жылғы 14 қаңтардағы № 35 бұйрығына сәйкес үлгілік шарттардың шаблоны өзгерді.

Толығырақ

Балық веб-порталды пайдаланушыларға!

Жаңалықтар  17.01.2022

«Электрондық қаржы орталығы» акционерлік қоғамының электрондық дүкені тәсілімен сатып алуларды жүзеге асыру үшін электрондық дүкен талаптарына сәйкестігіне электрондық дүкендердің ақпараттық жүйелерін анықтау бойынша Комиссия отырысының №2 хаттамасы.
С Протоколом можно ознакомиться здесь.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  17.01.2022

2021 жылғы 15 қарашада Мемлекет басшысы
"Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне мемлекеттік сатып алу, жер қойнауын пайдаланушылар мен табиғи монополиялар субъектілерінің сатып алуы, байланыс, автомобиль көлігі, қорғаныс және ғылымды қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Заңға қол қойды.
Қабылданған түзетулер аясында 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап тауарларды сәйкестендіруге және техникалық ерекшеліктерді қалыптастыруға арналған веб – порталдың ақпараттық кіші жүйесі-Тауарлардың электрондық каталогы іске қосылды. Тауарлардың электрондық каталогы  
https://e-catalog.gov.kz адресі бойынша орналасқан.
Тауарлардың электрондық каталогындағы мемлекеттік сатып алулар уәкілетті орган бекіткен тауарлардың тізбесі бойынша жүзеге асырылатын болады (осы талап 2022 жылғы 1 шілдеден бастап күшіне енеді).
Электрондық каталогтан сатылып алынатын тауарлардың тізбесіне тауарлардың мынадай санаттары кіреді:

• кеңсе тауарлары
• шаруашылық тауарлары
• дәрілік заттар мен медициналық мақсаттағы бұйымдар
• электр тауарлары
. Осылайша, 2022 жылғы 1 шілдеден бастап жоғарыда аталған тауарлар санатын мемлекеттік сатып алулар мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидасымен анықталған тәртіпте тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылатын болады.
Осыған байланысты, көрсетілген санаттар бойынша тауарларды ұсынатын әлеуетті өнім берушілерге ү.ж. 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін өздерінің тауарлары Тауарлардың электрондық каталогында алдын ала тіркеу қажет.
Тауарлардың электрондық каталогын қалыптастыру және ұсыну тіртібімен осы жердегі
сілтеме бойынша танысуға болады.
ТЭК функционалдығының қысқаша шолуымен осы жердегі
сілтеме бойынша танысуға болады.
ТЭК-ның МС туралы ҚРЗ аясында енгізілген электрондық дүкен еместігін ескертеміз.

Толығырақ