Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 14.03.2022
2022 жылғы
14 наурызда Өнім берушінің ұйымның негізгі шартына факторды қосу мүмкіндігі
бөлігінде «Шарттар» модулін пысықтау, сондай-ақ ақша алушының деректемелерін
өзгерту мақсатында Ұйымның өнім берушісінің
факторды қосуы үшін қосымша келісімдер жасасу бөлігінде өнімді ортаға ауыстырылғанын
хабарлаймыз.
Негізгі
шартқа факторды қосу бойынша нұсқаулықпен сілтеме бойынша танысуға
болады
Қосымша
келісімдер жасау бойынша нұсқаулықпен Өнім беруші сілтеме бойынша
таныса алады.
Назар аударыңыз! Инженерлік жұмыстар!
Хабарламалар 10.03.2022
Мемлекеттік кірістер комитетінде 2022 жылғы 10 наурызда сағат 20:00-ден бастап 22:00-ге дейін «Бірыңғай салықтық ақпараттық жүйесінде» техникалық жұмыстар жүргізілетінін хабарлаймыз.
Осыған байланысты, жоғарыда аталған кезеңде интеграцияланған салықтық ақпараттық жүйенің барлық қызметтері қолжетімсіз болады.
Уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
ТолығырақНазар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!
Хабарламалар 10.03.2022
Барлық қолданушылардың назарына!
Жаңалықтар 09.03.2022
Қаржы министрінің
2022 жылғы 17 ақпандағы № 176 бұйрығымен Келісім комиссиясының жұмысының
қағидалары және Үлгілік ереже (бұдан әрі – Қағида) бекітілді.
Қағидалардың
1-тармағына сәйкес, әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға жосықсыз
қатысушылардың тізілімін қалыптастыру және жүргізу саласындағы уәкілетті
органның, оны мемлекеттік сатып алуға жосықсыз қатысушы деп тану туралы
шешімімен келіспеген жағдайда, Заңның 12-бабы 4-тармағының бірінші бөлімінің 2)
тармақшасына сәйкес, мұндай әлеуетті өнім беруші мемлекеттік сатып алуға
жосықсыз қатысушылардың тізіліміне енгізілгені туралы білген күннен бастап он
жұмыс күнінен кешіктірмей, бірақ мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы
деп танылған күннен бастап алпыс күнтізбелік күн ішінде мемлекеттік сатып алу
веб-порталы арқылы келісім комиссиясына жүгінеді.
Осылайша,
мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасудан жалтару салдарынан мемлекеттік
сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылған әлеуетті өнім беруші жоғарыда
көрсетілген мерзімде келісім комиссиясына жүгінуге құқылы.
Жоғарыда
көрсетілген Қағидаларды іске асыру мақсатында, өнім берушінің келісім
комиссиясына өтініш беруі, сондай-ақ тапсырыс берушінің веб-портал арқылы
уәкілетті органға тиісті шешімді жіберуі үшін функционал әзірленген.
Жеткізушінің
нұсқаулығын, Тұтынушының нұсқаулығын (сілтеме) мына жерден оқи аласыз.
Назар аударыңыз! Сатып алуларды ауыстыру!
Хабарламалар 09.03.2022
Назар аударыңыз!
Хабарламалар 05.03.2022
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!
Жаңалықтар 03.03.2022
Қаржы министрінің 2022 жылғы 23 ақпандағы №206 бұйрығымен Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігімен келісу бойынша өнім берушінің азаматтық-құқықтық жауапкершілігін сақтандырудың үлгілік шарты бекітілді (Әділет министрлігінде 2022 жылғы 28 ақпанда №26971 болып тіркелді).
Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңының 43-бабына сәйкес сақтандырудың үлгілік шарты мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз ету түрлерінің бірі болып табылады.
Осылайша, шарттың орындалуын қамтамасыз етудің осы түрін мемлекеттік сатып алуға қатысушылар мемлекеттік сатып алуға қатысу кезінде пайдалана алады.
Бұл ретте, мемлекеттік сатып алу туралы шарттың орындалуын қамтамасыз ету және авансты қамтамасыз етудің осы түрін пайдалану бекітілген нысанға сәйкес жүзеге асырылуы тиіс екенін атап өтеміз.
Аталған бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
Бұйрықтың мәтінімен осында танысуға болады.
Барлық тапсырыс берушілер мен әлеуетті өнім берушілерге!!!
Жаңалықтар 03.03.2022
31.12.2021 жаңалыққа қосымша
«Бір көзден сатып алудың форматты-логикалық бақылауы!!!
Тапсырыс берушілердің Заңның 39-бабы 3-тармағының 1), 16), 27), 29), 36), 41) және 56) тармақшаларына сәйкес шарт жасауға құқылы Өнім берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден танысуға болады.
Заңның 39-бабы 3-тармағының 6), 7), 8), 30), 31), 33), 37), 38), 40) және 51) тармақшаларын қолдануға құқылы Тапсырыс берушілердің жаңартылған тізбесімен
осы жерден танысуға болады.
Көрсетілген тізбеде тиісті тапсырыс берушілер және өнім берушілер болмаған жағдайда, растайтын құжаттарды ұсына отырып, қосымшаға сәйкес нысан бойынша хатпен Қаржы министрлігіне жүгіну қажет.
Расталған жағдайда көрсетілген тапсырыс берушілердің және өнім берушілердің тізбесі толықтырылатын болады».
ТолығырақНазар аударыңыз! Сатып алулар уақыты кейінге шегерілді!
Хабарламалар 01.03.2022
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 22.02.2022
