Назар аударыңыз! Қосымшамен байланыс жасау үзілді. Қайта қосуды күтіңіз.

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  26.05.2022

28.02.2020 ж. жаңалықтарға қосымша

26.05.2022 ж. мемлекеттік сатып алулар веб-порталында «Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға қатысуға қолжетімді өнім берушілердің тізбесі жаңартылғанын хабарлаймыз. Тізіліммен осында танысуға болады.

Бұл ретте, біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс тәсілімен мемлекеттік сатып алу өтпеді деп танылған жағдайда, тапсырыс берушілерге Порталда Қазақстан Республикасының мемлекеттік сатып алу тәсілімен не өзге де тәсілдермен қайта сатып алуды жүзеге асыруы қолжетімді екенін атап өтеміз.

 

«Бағдарламалық қамтылым тауарларын және электрондық өнеркәсіп өнімін сатып алу» белгісі бар «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс» тәсілімен сатып алуға өтінім жасау ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - УО) айқындаған өнім берушілер үшін қолжетімді. Белгілі бір УО жеткізушілердің тізбесіне қосу мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігіне жүгіну қажет. «Бағдарламалық қамтылым тауарлары мен электрондық өнеркәсіп өнімдерін сатып алу» белгісі үшін тізілімді қалыптастыру және жүргізу ережелерімен осында танысуға болады.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!

Жаңалықтар  25.05.2022

Квазимемлекеттік сектордың сатып алуы үшін демпингті есептеу бөлігінде 2022 жылғы 25 мамырда «Сатып алу» модулін пысықтау іске асырылды.

«Құрылыс-монтаждау жұмыстары» (ҚМЖ) белгісі бар «Жұмыс» сатып алу мәнінің түрімен сатып алуда қатысу өтініміне лот қосқан кезде Жүйе лот бойынша баға ұсынысының (өнім беруші ұсынған) сомасын тендер үшін бөлінген соманың 5%-ынан төмен салыстырады.

Қатысу өтініміне лот қосқан кезде «Жобалау бойынша жұмыстар» белгісі бар «Жұмыс» сатып алу мәні түріндегі сатып алу үшін Жүйе лот бойынша баға ұсынысының (өнім беруші ұсынған) сомасын тендер үшін бөлінген соманың 10%-ынан төмен салыстырады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  25.05.2022

Сатып алу мәртебесінің уақтылы өзгермеуіне байланысты техникалық проблемалар себебінен өтінімдерді қабылдау мен баға ұсыныстарын қабылдауды бастау мерзімі 23 мамырда сағат 00:00-ден 24 мамырда сағат 17:55-ке дейінгі кезеңде түскен «Жарияланды» мәртебесіндегі сатып алулардыңң өтінімдерін қабылдауды аяқтау мерзімі өзгертілді.

Сондай-ақ, Өтінімдерді қабылдаудың басталу мерзімі және «Ерекше тәртіп» сатып алу бойынша өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022 жылғы 25 мамырдан 2022 жылғы 26 мамырға кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз

Кейінге қалдырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!

Хабарламалар  20.05.2022

2022 жылғы 20 мамыр сағат 20:00-ден 22:00-ге дейінгі кезеңде «Орталықтандырылған біріздендірілген дербес шоттар» МКК ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейді.

Осыған байланысты сатып алуға қатысу үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.

Қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.

Толығырақ

Барлық Өнім берушілерге!

Жаңалықтар  18.05.2022

2022 жылғы 18 мамырда веб-порталда Шарттың барлық сомасына бекітілген электрондық актілері бар шарттарды Өнім берушінің жеке кабинетінің басты бетінде «Шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу мерзімі бар шарттар» хабарлама блогынан алып тастау бөлігінде пысықтау іске асырылды.

Толығырақ

Барлық тапсырыс берушілерге!

Жаңалықтар  18.05.2022

2022 жылғы 18 мамырда веб-порталда егер «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңда белгіленген шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу үшін мерзім өтпеген болса, яғни Өнім беруші шартқа қол қойған күннен бастап 15 жұмыс күні өтпеген болса, «Өнім беруші Мемлекеттік сатып алу туралы шарт жасасып, шарттың орындалуын қамтамасыз етуді енгізу және (немесе) енгізу мерзімдері туралы талаптарды уақтылы орындамады» негіздемесі бойынша өнім берушіні ЖҚТ-ға қосуға арналған өтінімдерді жасауға тыйым салу бөлігінде пысықтау іске асырылды.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Порталдың барлық пайдаланушыларына!

Хабарламалар  17.05.2022

Мемлекеттік сатып алу веб-порталына қолжетімділіктің болмауына байланысты https://goszakup.gov.kz. интернет жұмысындағы іркілістер себебінен өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі және 2022 жылғы 17 мамырда сағат 14:27:00-ден 2022 жылғы 18 мамырда сағат 0010:00-ге дейінгі кезеңде түсетін сатып алудың барлық тәсілі бойынша өтінімдерді толықтыруды қабылдаудың аяқталу мерзімі  2022 жылғы 18 мамырда сағат 14:00:00-ге кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.

2022 жылғы 17 мамырда сағат 14:27:00-ден 2022 жылғы 18 мамырда сағат 10:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу 2022 жылғы 18 мамырда сағат 09:00:00-ге кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.


Кейінге қалдырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.


2022 жылғы 17 мамырда сағат 23:59:59-ға түсетін шарттарға қол қою мерзімі 2022 жылғы 18 мамырда сағат 23:59:59-ға кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.


Шарттар бойынша ақпаратты көру үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!

Жаңалықтар  16.05.2022

Камералдық бақылау жүргізу қағидаларына өзгерістер енгізілуіне сәйкес, 2022 жылғы 16 мамырда мемлекеттік сатып алу веб-порталында өнімді ортаға мынадай модификациялар ауыстырылды:

1. «Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион» тәсілімен сатып алуда 4-бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізу шарттарынан 300 миллион теңгеден астам лот сомасына тексеру алып тасталды, осылайша 4-бағыт бойынша камералдық бақылау жүргізу әлеуетті өнім берушілердің шағымдары негізінде ғана жүзеге асырылатын болады.
2. «Ашық конкурс», «Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Аукцион», «Баға ұсыныстарын сұрату» тәсілімен сатып алуда бірінші бағыт бойынша ұлттық, мемлекетаралық стандарттарды және жиһаз бен автокөлік құралдарын сатып алуды көрсету бөлігінде № 27, 28 тәуекелдердің жаңа бейіндері қосылды.
3. Сатып алудың мынадай тәсілдері бойынша 4-бағыт бойынша камералдық бақылаудың бұзылуы туралы хабарлама жіберу бөлігінде функционалдылық пысықталды:
- Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс бойынша сатып алулар;
- Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу, сондай-ақ қорытындылар хаттамасы ресімделген мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етуге байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс;
- Мемлекеттік орта білім беру ұйымдарында, мектептен тыс қосымша білім беру ұйымдарында білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша қызметтерді тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу, сондай-ақ қорытынды хаттамасы ресімделген техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарында, мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарда, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға арналған білім беру ұйымдарында тәрбиеленетін және білім алатын балаларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс;
4. Мемлекеттік сатып алу веб-порталында тыңдау рәсімінің функционалдығы пысықталды.
5. Бірінші басшының бұзушылықтарының жоқтығы туралы анықтамаға қол қою бөлігінде функционалдылық пысықталды.
6. Камералдық бақылаудың бұзылуы туралы хабарлама үлгісі өзгертілді.
7. Өнім берушілердің "Ашық конкурс", "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс", "Аукцион"тәсілімен сатып алудағы шешімге шағым беру бөлігінде функционалдылық әзірленді.
8. Камералдық бақылау сапасына бақылау жүргізу және "ашық конкурс", "Біліктілікті алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс", "Аукцион" тәсілімен сатып алуда шағымдарды қарау бөлігінде функционалдылық әзірленді.

Бұл модификациялар камералдық бақылау қағидаларындағы өзгерістер күшіне енген сәттен бастап 15 мамырдан кейін жарияланған сатып алуға қолданылады.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!

Хабарламалар  16.05.2022

2022 жылғы 16 мамырда электронды сатып алу порталының қолжетімсіз болатындығы туралы хабарлаймыз.
Осыған байланысты 2022 жылғы 16 мамыр сағат 09:09-дан 13:00-ге дейінгі кезеңге түсетін өтінімдерді қабылдау, баға ұсыныстарын қабылдау мен қосымша өтінімдерді қабылдау мерзімдерінің аяқталуы 2022 жылғы 16 мамыр сағат 16:00-ге ауыстырылғанын хабарлаймыз.
2022 жылғы 16 мамыр сағат 09:00-ден 13:00-ге дейінгі кезеңге түсетін Аукциондық сауда-саттық 2022 жылғы 17 мамырға ауыстырылды, бұл ретте сауда-саттықты өткізу уақыты өзгеріссіз қалды.
Ауыстырылған хабардар етулер, арыздар, қарсылықтар, қорытындылар, шарттар бойынша ақпаратты қарау үшін келесі сілтеме бойынша өтіңіз.

Толығырақ

Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!

Хабарламалар  13.05.2022

Сатып алу мерзімін 2022-05-07-ден 2022-05-10-ға кейінге қалдырумен байланысты техникалық проблемалар себебінен өтінімдерді қабылдаудың аяқталу мерзімі өзгертілді.    

Кейінге қалдырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.

Толығырақ