Всем пользователям веб-портала!!!
Жаңалықтар 13.06.2022
С 13 июня 2022 года на веб-портале реализован функционал для проведения государственных закупок способом «Открытый конкурс» с признаком «Закупка строительно-монтажных работ и проектирования (пилот)» в рамках Правил осуществления государственных закупок при реализации (внедрении) пилотных проектов по строительству объектов в отраслях здравоохранения, образования и жилищного строительства, являющихся технически не сложными, строительство которых предполагается по типовым проектам, типовым проектным решениям и проектам повторного применения, утвержденных приказом Министра финансов Республики Казахстан от 9 апреля 2021 года №320.
Данный функционал предусмотрен для реализации пилотных проектов города Нур-Султан, а также Северо-Казахстанской и Жамбылской областей.
Назар аударыңыз! Сатып алуды кейінге қалдыру!
Хабарламалар 13.06.2022
«Бірінші
санаттағы рұқсаттар (лицензиялар)» және «Екінші санаттағы рұқсаттар» құжаттамаларында
сұрату салуларды өңдеу кезінде «е-лицензиялау» мемлекеттік деректер базасының
ақпараттық жүйесі тарапынан техникалық қателікке байланысты 2022 жылғы 13
маусымда сағат 08:34:00-ден 18:00:00-ге дейінгі кезеңге түсетін «Баға
ұсыныстарын сұрату», «Ерекше тәртіпті қолдана отырып мемлекеттік сатып алу»
«Баға ұсыныстарын сұрату (new МС емес)» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық
сатып алу» модулінің өтінімдерін қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың
аяқталу мерзімі 2022 жылғы 14 маусымда сағат 18:00:00-ге кейінге қалдырылғанын
хабарлаймыз.
Сондай-ақ «Аукцион
(2022 жылдан бастап)» сатып алу тәсілімен сауда-саттықты өткізу күндері 2022
жылғы 14 маусымға кейінге қалдырылғанын хабарлаймыз.
Кейінге
қалдырылған сатып алулар туралы ақпаратты көру үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
Назар аударыңыз! Инженерлік жұмыстар!
Хабарламалар 13.06.2022
2022 жылғы 13 маусымда сағат 22:00-ден бастап 22:45-ге дейінгі кезеңде Мемлекеттік кірістер комитетінің «Орталықтандырылған бірыңғай дербес шоттар» АЖ-да техникалық жұмыстар жүргізілетін болады, сол себепті Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында салық берешегі туралы ақпарат өңделмейді.
Осыған байланысты, сатып алуға қатысуға өтінімдерді алдын ала беруіңізді сұраймыз.
Келтірілген қолайсыздықтар үшін кешірім сұраймыз.
ТолығырақНазар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 10.06.2022
Сатып алу мәртебесінің уақтылы ауыспауы себебінен орын алған техникалық проблемаға байланысты 10.06.2022 ж. 09:00-ден бастап 10.06.2022 ж. 11:00-ге дейінгі кезеңде келіп түскен аукциондық сауда-саттықты өткізу уақыты 13.06.2022 ж. ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша ақпаратты қарау үшін келесі
сілтемеге өтіңіз.
Барлық веб-порталдың өнім берушілеріне!!!
Жаңалықтар 09.06.2022
2022 жылғы 9 маусымнан бастап жосықсыз қатысушылар
тізіліміне енгізу туралы хабарламаны өнім берушінің жеке кабинетіне жіберу бөлігінде
веб-порталдың функционалы пысықталды.
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 09.06.2022
Интернет
жұмысындағы іркілістер себебінен https://goszakup.gov.kz мемлекеттік сатып алу веб-порталына қолжетімділіктің болмауына байланысты
өтінімдерді қабылдаудың, баға ұсыныстарын қабылдаудың аяқталу мерзімі және 9
маусымда сағат 12:05:00 мен 9 маусымда сағат 14:00:00 аралығына келіп түскен «Ашық конкурс», «Біліктілікті
алдын ала іріктеумен жүргізілетін конкурс», «Тәрбиеленушілер мен білім алушыларды тамақтандыруды қамтамасыз етумен байланысты тауарларды сатып алу бойынша конкурс», «Аукцион (2022 жылдан бастап)», «Баға ұсыныстарын
сұрату», «Өткізілмеген сатып алу бойынша бір көзден сатып
алу», «Тендер» сатып алу тәсілдері бойынша «Электрондық сатып алу» модуліне толықтыруларды қабылдаудың аяқталу мерзімі 2022
жылғы 9 маусымда сағат 18:00:00-ге ауыстырылды.
Ауыстырылған сатып алу бойынша
ақпаратты қарау үшін келесі сілтемеге өтіңіз.
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 08.06.2022
Қазақстанда мемлекеттік
сатып алулар үшін тауарлардың электрондық каталогы 1 шілдеден бастап қолданыла
бастайды
2022 жылғы 1 шілдеден бастап мемлекеттік сатып алу тауарлардың электрондық каталогынан жүзеге асырылатын тауарлар тізбесін бекітуге қатысты Қаржы министрінің 2022 жылғы 19 қаңтардағы №52 бұйрығы күшіне енеді.
Электрондық каталогтан сатып алынатын тауарлар тізбесіне тауарлардың мына санаттары кірді: кеңсе тауарлары, шаруашылық тауарлары, дәрілік заттар және медициналық мақсаттағы бұйымдар, электр тауарлары.
Осылайша, осы тізбеге енгізілген тауарларды мемлекеттік сатып алуды
жүргізу кезінде ұсынылатын тауарлардың техникалық ерекшелігі Мемлекеттік сатып алуды жүзеге асыру қағидаларында
айқындалған нысан бойынша электрондық каталогтан қалыптастырылатын болады
(3-қосымша).
Осыған байланысты, аталған санаттар бойынша тауарларды жеткізетін әлеуетті
өнім берушілер мемлекеттік сатып алуға қатысу үшін ағымдағы жылғы 1 шілдеден
бастап өз тауарларын Тауарлардың электрондық каталогына алдын ала тіркеуі қажет.
Мемлекеттік сатып алу саласындағы бірыңғай оператор – «Электрондық қаржы
орталығы» АҚ электрондық каталогты құрудың және оның жұмыс істеуінің үйлестірушісі болып
табылады.
Сонымен қатар, электрондық каталогта әрбір тауарға бірегей код – KZTIN
беріледі, оның көмегімен тауар мемлекеттік сатып алу процесінде сәйкестендіріледі,
сондай-ақ техникалық ерекшелік автоматты түрде қалыптастырылады.
Бұл ретте, тауарларды тіркеу, код беру және өзге де функциялар барлық
пайдаланушыларға өтеусіз негізде ұсынылады.
Бұл өзгерістер мемлекеттік сатып алуды жүзеге асырудың ашықтығы мен қолжетімділігі,
сондай-ақ өнім берушілер арасында адал бәсекелестікті дамыту және бағаларға талдау жүргізу
мақсатында іске асырылды.
Оған қосымша, электрондық
каталогтан сатып алынатын тауарлардың санаттарын кеңейту және басқа салаларда
қолдану жоспарланғанын атап өтеміз.
Назар аударыңыз! Сатып алуды ауыстыру!
Хабарламалар 07.06.2022
Веб-порталдың барлық пайдаланушыларына!!!
Жаңалықтар 06.06.2022
2022 жылғы 6 маусымда «Жобаға» «Әрекет етеді» мәртебесінен кері қайтарылған қосымша
келісімдерді жою мүмкіндігі іске асырылды. Егер шартта «Қазынашылыққа тіркемей»
белгісі болса, «Жобаға» «Әрекет етеді» мәртебесінен қосымша келісімді
кері қайтарып алуға болатынын атап өтеміз. Шарттарды/қосымша келісімдерді жою
жөніндегі нұсқаулықпен сілтеме бойынша танысуға болады.
Назар аударыңыз! Техникалық жұмыстар!
Хабарламалар 01.06.2022
2022 жылғы 1 маусымда сағат
22:00-ден 23:45-ке дейінгі кезеңде «Ақпараттық жүйелерді интеграциялаудың
өнеркәсіптік платформасы» ақпараттық жүйесінде техникалық жұмыстар жүргізілетін
болады, осыған байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сатып алу веб-порталында
салық берешегі туралы мәліметтер өңделмейтін болады.
Осы себептен сатып алуға қатысу
үшін өтінімдерді алдын ала тапсыруды сұраймыз.
Қолайсыздықтар үшін кешірім
сұраймыз.
