Oracle жүйесіндегі ЭҚТӨЖ-сәйкес мемлекеттік сатып алу жоспарын жүктеу бойынша нұсқаулық

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан

Перейти к: навигация, поиск

Содержание

Тапсырыс берушінің жұмыс орны

«Тапсырыс беруші» атты бөлім сатып алуға тапсырысты құратын, мемлекеттік сатып алу жоспарымен жұмыс істеу үшін арналған.

«Тапсырыс беруші» атты бөлім былай көрініс береді:

Файл:Planir_1.PNG

«Тапсырыс беруші» атты бөлімде мәзірдің мынадай пунктері бар:

1. МС тапсырыс беруші:

  • Келісімдер реестрі;
  • Ұйымдастырушылар;
  • Есеп әкімшісі.

2. Тапсырыс берушінің жеткізушілері:

  • Жеткізуші рейтингі;
  • Резидент жеткізушісін құру;
  • Резидент емес жеткізушісін құру.

3. МС жылдық жоспары:

  • Жылдық жоспар;
  • Жылдық жоспар импорты;
  • Тапсырысты қабылдамау;
  • МС жоспарының есебі.

Мемлекеттік сатып алу жоспары

Назар аударыңыз! Мемлекеттік сатып алу веб-порталына мемлекеттік сатып алу жоспарын екі түрлі тәсілмен орналастыруға болады:

  • Егер де мемлекеттік сатып алу жоспары жоспардың шағын мөлшердегі пунктерінен тұратын болса, онда жүйе қызметін пайдалануға болады («Жылдық жоспар» бөлімі)
  • Егер де мемлекеттік сатып алу жоспары жоспардың көп мөлшердегі пунктерінен тұратын болса, онда жеңілдету үшін файлдан мемлекеттік сатып алу жоспарынан импортты пайдалану ұсынылады (процедура «Жылдық жоспар импорты» бөлімінде сипатталған);

«Жылдық жоспар» парағына өту үшін «МС Жылдық жоспары» атты бөлімдегі «Жылдық жоспар» мәзіріндегі пункті пайдалануға болады.

Файл:Planir_2.PNG

Мемлекеттік сатып алу жоспары тапсырыс берушінің құрған және кесте түрінде көрсетілген сатып алудың жылдық жоспарының пунктерінің тізімі болып табылады.

Файл:Planir_3.PNG

Мемлекеттік сатып алу жоспарында мәліметтер сүзгісі орналасқан. Сүзгі мынадай жылдық жоспардың мәліметтерін сүзгілеуді іздеу үшін элементтерден тұрады, олар:

  • Тауар, жұмыс пен қызмет атауы бойынша іздеу;
  • «Сатып алу пәнінің түрі» анықтамасы бойынша сүзгі;
  • «Сатып алу тәсілі» анықтамасы бойынша сүзгі;
  • «Жоспарланған мерзім» анықтамасы бойынша сүзгі;
  • «Қаржыландыру көзі» анықтамасы бойынша сүзгі;
  • «Статус» анықтамасы бойынша сүзгі.

Файл:Planir_4.PNG


Мемлекеттік сатып алу жоспарында басқарудың мынадай элементтері орналасқан:

Объект Әрекеті
«Құру» басқышы Басқыш жаңа жоспар пунктін құру үшін арналған және мұны басу арқылы жоспардың жаңа пунктін құру парағы ашылады.
«Тапсырыс» басқышы Басқыш сатып алуға тапсырыс құру үшін арналған, мұны басу арқылы тапсырысты құрудың парағы ашылады
Көшіру Файл:Planir_40.PNG Команда таңдап алынған жоспар пунктін көшіру үшін арналған, мұны басу арқылы көшірілетін пункт ақпараттары бар жоспардың жаңа пунктін құрудың парағы ашылады.
Түзету Файл:Planir_5.PNG Команда таңдап алынған жоспар пунктін түзету үшін арналған, мұны басу арқылы көшірілетін пункт ақпараттары бар жоспардың жаңа пунктін түзетудің парағы ашылады.
Жою Команда кестедегі белгіленген жазбаны жою үшін арналған, мұны басу арқылы жоюды мақұлдау туралы мәлімдеме пайда болады да мақұлдаушы жауап кезінде жою жүзеге асырылады.
Бекіту Команда белгіленген жоспар пунктін бекіту үшін арналған, мұны басу арқылы жоспар пунктінің статусы «Бекітілді»-ге ауысады, жоспар пункті түзетуге жабылады, ол жойылмайды. Бекітілген жоспар пункті бойынша сатып алуға тапсырыс құруға болады.
Шақыру Команда белгіленген жоспар пунктін шақыру үшін арналған, мұны басу арқылы жоспар пунктінің статусы «Құрылды»-ға ауысады, осыдан жоспар пунктін түзету мүмкін болады.
Орындау Басқыш таңдалған команданы орындау үшін арналған
Барлығын жою Команда «Құрылды» статусымен барлық жоспар пунктерін жою үшін арналған, мұны басу арқылы жоюды мақұлдау туралы мәлімдеме пайда болады да мақұлдаушы жауап кезінде жою жүзеге асырылады.
Барлығын бекіту Команда барлық жоспар пунктерін бекіту үшін арналған, мұны басу арқылы жоспар пунктінің статусы «Бекітілді»-ге ауысады, жоспар пункті түзетуге жабылады, оны жою мүмкін емес. Бекітілген жоспар пункті бойынша сатып алуға тапсырыс құруға болады.
Барлығын шақыру Команда барлық бекітілген жоспар пунктін шақыру үшін арналған, мұны басу арқылы жоспар пунктінің статусы «Құрылды»-ға ауысады, осыдан жоспар пунктін түзету мүмкін болады.

Жоспардың жаңа пунктін құру

Жоспардың жаңа пунктін құру үшін «Құру» басқышын пайдалану керек

Файл:Planir_6.PNG

Жоспардың жаңа пунктін қосу парағы былай көрініс береді:

Файл:Planir_7.PNG

Жоспар пунктін құру үлгісінде басқарудың мынадай элементтері бар:

Объект Әрекеті
«Қабылдамау» басқышы Басқыш «Мемлекеттік сатып алу жоспары» парағына қайта оралу үшін арналған
«Қабылдау» басқышы Басқыш құрылған жоспар пунктін сақтау үшін арналған.

КПВЭД анықтамасының кодын іздеу үшін «КПВЭД» өрісінен негізгі белгіні енгізу керек:

Файл:Planir_8.PNG


Іздестіру параметрлеріне сәйкес келетін табылған жағдайлардың тізімі бейнеленеді.

Жоспар пунктінің толтырылған үлгісі былай көрініс береді:

Файл:Planir_9.PNG Файл:Planir_10.PNG

Жоспардың пунктін түзету

Назар аударыңыз! Тек қана «Құрылған» статусымен жоспар пунктін ғана түзетуге болады. Егер де жоспар пункті «Бекітілген» статусында болса, онда оны шақыру керек (процедура осы бөлімнің төменгі жағында сипатталған)

Жоспардың құрылған пунктін түзету үшін, «Түзету» элементін пайдалану керек.

Файл:Planir_11.PNG


Жоспар пунктін құру үлгісінде басқарудың мынадай элементтері бар:

Объект Әрекеті
«Қабылдамау» басқышы Басқыш «Мемлекеттік сатып алу жоспары» парағына қайта оралу үшін арналған
«Қабылдау» басқышы Басқыш құрылған жоспар пунктін сақтау үшін арналған.

Жоспар пунктін көшіру

Жоспар пунктін көшіру үшін «Көшіру» элементін пайдалану керек.

Файл:Planir_12.PNG

«Көшіру» басқышын басу арқылы жоспар пунктін көшіру парағы ашылады.

Файл:Planir_13.PNG

Жоспар пунктін бекіту және оны шақыру

Құрғаннан кейін жоспар пункті «Құрылды» статусына ие болады. Жоспар пункті түзетіледі, оны жоюға да болады.

Сатып алу жоспарының пунктін бекіту үшін «Бекіту» командасын пайдалану керек.

Файл:Planir_14.PNG

Барлығы: Бекіту командасын пайдаланып бір ғана белгіленген жоспар пункті және сонымен қатар барлығы бойынша да бекітуге болады.

Мемлекеттік сатып алу жоспарының пунктін бекіткеннен кейін жолдар статусы «Құрылған» статусынан «Бекітілді» статусына ауысады, жоспардың бекітілетін пунктері өңдеу кезегіне орналасады. Парақты жаңарту үшін «Өту» басқышын пайдалану керек

Файл:Planir_15.PNG

Жоспардың бекітілетін пунктерін өңдеуді аяқтағаннан кейін жоспар пунктінің статусы «Бекітілді»-ге ауысады.

Файл:Planir_16.PNG

Егер де жоспардың бекітілген пунктін түзету қажеттілігі туса, онда оны «Шақыру» командасын пайдаланып шақыру керек.

Файл:Planir_17.PNG

Барлығы: Шақыру командасын пайдаланып бір ғана белгіленген жоспар пункті және сонымен қатар барлығы бойынша да шақыруға болады.

Мемлекеттік сатып алу жоспарының пунктін шақырғаннан кейін жолдар статусы «Бекітілді» статусынан «Құрылған» статусына ауысады.

Жоспар пунктін қарау

Жоспар пунктін қарау үшін жоспар пунктінің «Мәліметтер» сілтемесіне басу керек.

Файл:Planir_18.PNG

Жоспар пунктін қарау парағы былай көрініс табады:

Файл:Planir_19.PNG


«Жасыру» басқышы нақты ақпараттарды жасыру үшін арналған.

«Қателерді табу» атты бөлімде жоспар пунктін тексеру кезінде анықталған қателерді бейнелейді.

Жылдық жоспар импорты

«Жылдық жоспар импорты» атты бөлім мемлекеттік сатып алу жоспары импорты үшін арналған.

Файлдан мемлекеттік сатып алу жоспары импортының қызметтері сатып алудың жылдық жоспарын мемлекеттік сатып алу порталына тасымалдау процесін жылдамдату мақсатында жүзеге асырылады.

Енгізу файлын дайындау

Назар аударыңыз! Жылдық жоспар импорты тек қана мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарының электронды нобайына сәйкес толтырылған файлдан шығарылады.

Жылдық жоспар импорты Excel форматында мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарының электронды нобайының үлгісі бойынша толтырылған файлдан шығарылады.

Мемлекеттік сатып алу жылдық жоспарының электронды нобайы былай көрініс береді:

Файл:Planir_41.PNG


Назар салыңыз! Нобайдың құрылысын өзгертуге, қосуға, жоюға, бағандар мен ұяшықтарды біріктіруге болмайды. Нобайдың құрылысын өзгерту мәліметтер енгізу кезінде қателердің пайда болуына апарады.

Назар салыңыз! Барлық бағандар толтыру үшін міндетті болып табылады. Тек мемлекеттік мекемелер үшін арналған өрістер ғана бұған қатысты емес (қараңыз: баған атауларын).

Файлды сақтау

Толтыру бойынша әдістемеге сәйкес нобай форматы бойынша мемлекеттік сатып алу жоспарының файлын толтырғаннан кейін оны Текст Юникод форматында сақтау керек.

Ол үшін Excel арқылы «Қалай сақтау» басқышына басу керек және пайда болған терезеден «Текст Юникод» файлының түрін таңдау керек.

Файл:Planir_20.PNG

Файлды сақтау кезінде пайда болған мәлімдемеден, «ОК» басқышына басу керек.

Файл:Planir_21.PNG

Әрі қарай «Иә» басқышына басу керек

Файл:Planir_22.PNG

Файл импорты

Енгізу үшін файлды дайындағаннан кейін оны мемлекеттік сатып алу порталына импорттау керек.

Ол үшін «Жылдық жоспар импорты» атты бөлімге кіру керек.

Файл:Planir_23.PNG

«Жылдық жоспар импорты» мәзіріндегі пункті басу арқылы «Жылдық жоспар импорты» парағы ашылады, ол былай көрініс береді:

Файл:Planir_24.PNG

Мемлекеттік сатып алу жоспарымен файлды таңдау үшін «Шолу» басқышына басу керек.

Пайда болған сұхбаттасу терезесінен импорт үшін алдын ала дайындалған файлды таңдау керек, және «Ашу» басқышына басу керек. Файлды енгізу үшін «Енгізу» басқышына басу керек.

Файл:Planir_25.PNG

Мемлекеттік сатып алу порталына файл енгізуді аяқтағаннан кейін енгізілген файлдар тізімінен енгізілген файлға сәйкес келетін жолдар пайда болады.

Файл:Planir_26.PNG

«Статус» өрісінде мемлекеттік сатып алу жоспарының енгізілген файлы қай деңгейде кенедігі бейнеленеді.

  • Базаға орналасқан – файл мемлекеттік сатып алу порталына енгізілген, бірақ мәліметтерді өңдеуден өтпеген
  • Өңдеуде – файл өңдеу кезеңінде тұр
  • Өңделген – мәліметтерді өңдеу процедурасы аяқталды, енгізу туралы есеп бар

Назар аударыңыз! Енгізілген файл мәліметтерін өңдеу процедурасы кезек тәртібіне өңдеуге файлдың түсуіне қарай жүзеге асырылады.

Өңдеу процедурасы аяқталғаннан кейін электронды пошта мекен жайына мәліметтерді өңдеудің процедурасының аяқталғандығы туралы мәлімдеме жіберіледі.

Файл:Planir_27.PNG

Мәлімдеме былай көрініс береді:

Файл:Planir_28.PNG

Енгізілген файлдар тізіміндегі файлдың статусы «Өңделген»-ге ауыстырылады.

Осының нәтижесінде мемлекеттік сатып алу жоспарында жоспардың енгізілген пунктері көрініс береді.

Файл:Planir_29.PNG

Сатып алуға тапсырыс

Ұйымдастырушыны шақыру

Ұйымдастырушыға шақыру жіберу үшін «Ұйымдастырушылар» мәзірінен пунктін пайдалану керек.

Файл:Planir_30.PNG

«Ұйымдастырушылар» парағы былай көрініс береді:

Файл:Planir_31.PNG

Жаңа ұйымдастырушыны қосу үшін «Қосу» басқышын пайдалану керек. Ұйымдастырушыны іздеу парағы былай көрініс береді. «Іздеу» өрісінде іздеу белгісі енгізіледі, «Өту» басқышына басқаннан кейін тізімде іздеу нәтижелері пайда болады.

Файл:Planir_32.PNG

Ұйымдастырушыны таңдап алған соң «Бекітуге жіберу» басқышына басу керек жолдар статусы «Сұралған» ауысады. Ұйымдастырушы ұсынысты бекіткеннен немесе қабылдамағаннан кейін жолдар статусы «Бекітілді» немесе «Қабылданбады» деп ауысады.

Файл:Planir_33.PNG

Тапсырысты құру

Сатып алуға тапсырысты құру үшін «Жылдық жоспар» атты бөлімнен «Тапсырыс» басқышын қолдану керек.

Назар аударыңыз! Тапсырыс тек бекітілген пункт бойынша ғана құрылады.

Файл:Planir_34.PNG

«Тапсырыс» басқышын басқаннан кейін ұйымдастырушыны іздеу парағы бейнеленеді. Егер де бір ғана ұйымдастырушы күйге келтірілген болса, онда бұл парақ жіберіледі.

Файл:Planir_35.PNG

«Тапсырысты құру» басқышын басқаннан кейін пункт статусы «Тапсырысты құру…»-ға ауысады және таңдалған жоспар пункті бойынша тапсырысты құру кезекке орналастырылады.

Файл:Planir_36.PNG

Парақты жаңарту үшін «Өту» басқышын пайдалану керек. Тапсырысты сәттілікпен құрғаннан кейін жоспар пунктінің статусы «Таңдалды»-ға ауысады және тапсырысқа сілтемеге бейнеленеді.

Файл:Planir_37.PNG

Тапсырыстан бас тарту

Тапсырыстар тізіміне өту үшін «Тапсырыстан бас тарту» атты бөлімдегі «МС жылдық жоспары» атты мәзірді пайдалануға болады

Файл:Planir_38.PNG

«Тапсырыстан бас тарту» атты ұяшықта тапсырысты қабылдамау үшін «Тапсырыстан бас тарту» басқышын пайдалану керек

Файл:Planir_39.PNG

Осының нәтижесінде тапсырыс статусы «Қабылданбады»-ға өзгереді

Қабылданбаған тапсырыс «Жылдық жоспар» атты бөлімдегі шақыруға ие болады. мемлекеттік сатып алу жоспарының қабылданбаған пунктін шақырғаннан кейін жолдар статусы бекітілді деген статустан «Құрылды» статусына ауысады

Личные инструменты