Сатып алу тәсілдері
Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан
GoszakupWiki-дан алынған мағлұматтар
№303-III 21.07.2007 жылғы «Мемлекеттік сатып алу» заңының 1 пункт 12 бабына сәйкес Қазақстан Республикасында мемлекеттік сатып алуларды келесідей тәсілдермен жүргізуге болады:
1. Конкурс;
2. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілі;
3. Бір көзден алу;
4. Ұйымдастырылған электрондық сауда-саттық арқылы;
5. Тауар биржасы арқылы.
Заңның 5 пункт 12- ші бабына сәйкес баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен жүзеге асатын мемлекеттік сатып алулар электронды түрде [Қазақстан Республикасының үкіметі] белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Заңның 4 пункт 12- ші бабына сәйкес конурс және бір көзден алу тәсілімен жүзеге асатын мемлекеттік сатып алулар электронды түрде [Қазақстан Республикасының үкіметі] белгілеген тәртіппен жүзеге асырылады.
Заңның 3) тармақшасы 18-ші бабына негізделіп, мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы конурс тәсілімен жүзеге асатын хабарландырудың мәтінін мемлекеттік сатып алу веб-порталына міндетті түрде орналастыруы керек және 2 пункт 3) тармақшасының 27-ші бабына сәйкес мемлекеттік сатып алу веб-порталына конурс тәсілімен жүзеге асатын хабарландырудың шешімін орналастыруы керек.
Осылай, конурс тәсілімен жүзеге асатын хабарландыру және шешім туралы ақпарат, жүзеге асырылып жатқан мемлекеттік сатып алулар жайында таныстырарлық ақпарат ретінде Порталға орналастырылады, бұл ретте өтінім беру және өнім берушілердің конкурстық өтінімдерін қарастыру үрдісі қағаздық түрде іске асады.
