Жұмыс жасап тұрған портал жиі қойылатын сұрақтар

Материал из Справочная система веб-портала государственных закупок Республики Казахстан

Перейти к: навигация, поиск

Содержание

"Электронды-сандық қолтаңба" бөлімі

Электронды сандық қолтаңба мен сертификатты қалай алуға болады?

Жауап: ЭЦҚ алу үшін:

  1. Ұлттық куәландыру орталығы сайтында (www.pki.gov.kz/cms) автоорнатушыны және бағдарламалық қамтамасыздандыруды орнату бойынша нұсқаулықты жүктеу қажет;
  2. БҚ орнатылғаннан кейін, https://ind.pki.kz/webra сайтында он-лайн өтінімін беру қажет;
  3. Өтінімді беру нәтижесі бойынша ӨТІНІМ НӨМІРІН алғаннан кейін, тіркеу куәлігін шығару үшін Өтініш толтыру қажет және басқа құжаттар тізімімен оларды ХҚО орналасқан, Тіркеу орталығына тапсыру қажет;
  4. Құжаттар пысықталғаннан кейін өтінушінің электрондық мекен-жайына ашық кілттері бар хат келеді, оны қосымша тіркелген нұсқаулыққа сәйкес компьютерге орнату қажет. ЭЦҚ алу және орнату бойынша сұрақтарға Ұлттық куәландыру орталығы (ҰКО) - тел. 88000807777, эл. пошта support@pki.gov.kz жауап береді.

400 Bad Request» деген қате шығады. Не істеу керек?

Жауап: «400 Bad Request» қатесі ssl-байланыстардың бапталымы жоқтығына немесе дұрыс шығарылмаған серификатқа (мысалы, сериялық нөмірі 00 басталады) байланысты. Internet Explorer браузерінде ssl-байланыстарын баптау: Сервис – Шолушының сипаттары бөлімінде баптауға болады. Егер сертификат дұрыс шығарылмаған болса, онда дұрыс еместі кері қайтарып, сертификатты алу рәсімін жаңадан өту керек.

Сертификатта БИН/ИИН қате жазылған, қолданушының АТЫ-ЖӨНІ туралы ақпарат жоқ. Бұған қандай себептер?

Жауап: Егер сетификатта қателер жіберілген болса, онда Сізге жаңа сертификат шығару керек. ЭЦҚ алу және орнату бойынша сұрақтарға Ұлттық куәландыру орталығы (ҰКО) - тел. 88000807777, эл. пошта support@pki.gov.kz жауап бередіsupport@pki.gov.kz.

"Тіркелу" бөлімі

ҚР мемлекеттік сатып алулар порталында қалай тіркелуге болады?

Жауап: Порталда тіркелу екі кезеңнен өтеді:

  1. пайдаланушының (қызметкердің) тіркелуі;
  2. қатысушының (ұйымның) тіркелуі.

Қызметкерді тіркеу үшін порталдың жаңа нұсқасына өту қажет, «Тіркеу» батырмасын басу керек – қызметкер туралы мәліметтерді толтыру беті ашылады, барлық міндетті алаңдарды толтырғаннан кейін, «Тіркеу» батырмасын басу керек, егер алаңдарды дұрыс толтырған жағдайда тіркеу сәтті өтеді. Қатысушының тіркеуін (ұйымды қосу) порталда тіркелген пайдаланушы (қызметкер) өткізеді Ұйымды қосу үшін қызметкерге порталдың жаңа нұсқасында авторлану қажет («КІРУ» батырмасын басып, логинге парольді енгізу керек). Авторланғаннан кейін пайдаланушының профилі ашылады – сол жақта «Ұйымды қосу» батырмасы бар, оны басқан кезде ИСАЖ салық комитетінің анықтама жүйесінен ұйым туралы мәліметтерді сұрату беті ашылады.

Тіркеу кезінде «Туылған күн дұрыс емес», «Атауы дұрыс емес», «ЖК болып саналмайды» деген қателер шығады. Себебі неде?

Жауап: Пайдаланушыны/ұйымды тіркеу кезінде деректер БСАЖ анықтама жүйесінен алынады. Егер сіздің сертификатыңыздың деректері БСАЖ деректерімен сәйкес келмесе, сізге БСАЖ анықтама жүйесіне сәйкес келмейтіндерді түзету және өзгертулерді енгізу үшін сәйкес аймақтың Салық басқармасымен байланысу керек. Осыдан кейін веб-порталда сіз тіркелу рәсімін өте аласыз.

«Тапсырыс беруші» бөлімі

Жылдық жоспарды жүктеу кезінде «Төлнұсқа»("Дубликат") қатесі шығады. Осындай қатенің себебі неде?

Жауап: «Төлнұсқа» белгісімен жолдар жылдық жоспарда немесе жоспар тармақтарының уақытша кестесінде бар. Жоспар тармақтарын қайталауды жібермеу үшін осындай жолдар жүктелмейді. Уақытша жоспар тармақтарында жүктелген тармақтар жоқ екенін және «Жылдық жоспарды жүктеу» мәзірінде тек қана бір үлгі жүктелгенін тексеріңіз.

Жүктелу туралы есепті қараған кезде «Тапсырыс беруші» - «Жылдық жоспарлар» - «Жылдық жоспарды жүктеу» мәзірінде жүктелу туралы бос есеп неге шығады?

Жауап: Жүктелу туралы бос есеп үлгісі құрылымының өзгертілгені туралы, немесе «№», «ЭҚТ ӨЖ» бос ұяшықтары туралы екенін көрсетеді. Үлгінің құрылысын өзгертуге, қосуға, жоюға, бағанды, ұяшықтарды біріктіруге болмайды. Үлгінің құрылысын өзгерту деректерді жүктеген кезде қателердің шығуына әкеліп соғады.

Жүктелу туралы есепті қараған кезде Тапсырыс беруші» - «Жылдық жоспарлар» - «Жылдық жоспарды жүктеу» мәзірінде 154. 155 бұдан әрі пысықталу тоқтатылды қатесі шыңады. Олар нені көрсетеді?

Жауап:154 қатесі – дұрыс емес қор. ММ үшін қорды ашылма тізімнен таңдау керек. Басқа тапсырыс берушілер үшін осы алаң толтырылмайды. 155 қате – тапсырыс берушінің атауы дұрыс емес. Осы қате алаңдарға деректер ақпараттарын көшіргендіктен шығады. Тапсырыс берушінің атауы қолмен жазылып толтырылады.

Статистикада жылдық жоспарды қалай көруге болады?

Жауап:Егер Жылдық жоспар бекітілген болса оны https://goszakup.gov.kz/app/index.php/ru/plans/show_plan/22012 сілтемеcі арқылы тексеруге болады. Бұл сілтемедегі 22012 санының орнына субъектілердің тізілімінен ұйымның сәйкес ид номерін қоясыз:сілтеме бойынша жылдық жоспар көрінеді.

Бекітілген жоспар тармағын кері қайтару кезінде, «Жоспар тармағын кері қайтару кезінде қате кетті» деген хабарлама шығады. Не істеу керек?

Жауап:Осы жоспар тармағы бойынша сатып алуға өтінім құрылды. Егер өтінімнің негізінде хабарландыру жарияланбаған болса, өтінімді «Жою» батырмасының көмегімен «Сатып алуға өтінімдер» бөлімі арқылы жою қажет. Осыдан кейін бекітілген жоспар тармағы кері қайтарылуға жатады.

2009 жылдың 1 тоқсанында ұзартылған шарттарды, МС жаңа порталына, шарттар тізіліміне қалай енгізуге болады?

Жауап:Ұзартылған шарттарды енгізу үшін «Тапсырыс беруші» - «Жылдық жоспарлар» - «Мемлекеттік сатып алу жоспары» бөлімінде сәйкес жоспар тармақтарын қосу қажет, сонымен қатар жоспар тармағының – «Қаржылық жылдан асатын сатып алу» түрін таңдау қажет. Құрылған жоспар тармағын бекітесіз, содан кейін осы жоспар тармағының негізінде сатып алуға өтінімді құрасыз. Сатып алуға өтінімді құрғаннан кейін «Тапсырыс беруші» - «Шарттар» - «Менің шарттарым» бөліміне кіру керек және «Қосу» батырмасын басу керек – шартты құру беті ашылады. «Ерекше тәртіп» сатып алу тәсілін таңдаған кезде өтінім көрінеді және шарт құрылады.

Сатып алу өтінімін құрған кезде «Сізде ұйымдастырушы жоқ» деген қате неге шығады?

Жауап: Ұйымдастырушыны «Жеке бөлмеде» таңдаңыз. Ұйымдастырушыны таңдау үшін «Менің бөлмем» - «Қатысушының профилі» - «Менің ұйымдастырушыларым» бөліміне кіру қажет, «Ұйымды қосу» батырмасына басу керек және фильтрді пайдаланып іздеу бойынша СТН/БСН атаулары бойынша ұйымды тауып, деректерді сақтау қажет. Ұйымдастырушының сұранымын растау үшін «Менің бөлмем» - «Қатысушының профилі» - «Менің тапсырыс берушілерім» бөліміне кіріңіз – жолды бөлектеңіз және «Растау» батырмасын басыңыз.

Жылдық жоспар бойынша ішінара сатып алуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жауап:Жоспарланған тауарлар/жұмыстар/көрсетілетін қызметтер санының бөлігін сатып алу үшін, Тапсырыс беруші жоспар тармағына сәйкес санды және бөлектеген соманы енгізеді. Яғни егер қаңтарда 25 сәбізді, ал қыркүйекте 30 сатып алу жоспарланған болса, онда сәйкес санмен (25 және 30) және сатып алудың жоспарланған мерзімімен (қаңтар және қыркүйек) екі жоспар тармағы болу керек. Сәйкесінше өнім берушілер өздерінің баға ұсыныстарын, Ұйымдастырушы сатып алуға жоспарлаған көлемге береді.

Филиалдардың порталда жұмыс істеу мүмкіндіктері қандай?

Жауап: Филиалдар заңды тұлға болып саналмағандықтан, порталда олар тек қана ұйымдастырушылар болуы мүмкін. БАСТЫ ҰЙЫМ (БҰ) жылдық жоспарды орналастырады, сатып алуға өтінімдерді құрады, шарттардың тізілімін жүргізеді және ҚМ бойынша есептерді береді. Хабарландыруды құру үшін жоспар тармақтарын филиалдар қолдану үшін, БҰ «Менің бөлмем» - «Қатысушының профилі» - «Менің ұйымдастырушыларым» бөліміне кіру қажет, «Ұйымды қосу» батырмасына басу керек және фильтрді пайдаланып іздеу бойынша СТН/БСН атаулары бойынша әрбір ұйымды тауып, деректерді сақтау қажет. Содан кейін филиалдар өздерінің сертификаттарымен «Менің бөлмем» - «Қатысушының профилі» - «Менің ұйымдастырушыларым» бөліміне кіреді – cұранымның жолын бөлектейді және «Растау» батырмасын басады – БҰ тапсырыс беруші ретінде, ал өзін ұйымдастырушы ретінде растайды. Филиалдар растағаннан кейін, БҰ бекітілген жоспар тармағының негізінде сатып алуға өтінімді құрады, сонымен қатар осы сатып алу үшін сәйкес ұйымдастырушыларды тағдайды. «Баға ұсыныстарын сұрату», «Конкурс», «Екі кезеңдік рәсімді қолданумен конкурс», «Ерекше тәртіп» тәсілдерінің негізінде құрылған, сатып алуға өтінімдер, филиалдарда «Ұйымдастырушы» - «Сатып алуға өтінімдер» бөлімінде көрінеді, және олар оның негізінде хабарландыруды құра алады.

Егер бірінші және екінші жеңімпаз шарт жасасудан бас тартса, портал жұмысының алгоритмі қандай?

Жауап:Тапсырыс берушілер» - «Шарттар» - «Менің шарттарым» бөліміндегі қорытындылар туралы шешімнің негізінде бірінші өнім берушімен шарт құрылады.

  1. Бірінші жеңімпазбен шарттың негізінде «Екінші талапкермен шарт» құрылады, сонымен қатар шарттың мәртесесі «Жоба жазба» болу керек.
  2. Содан кейін шартта шартың жасалмағаны туралы белгі қойылады.
  3. Нәтижесінде шартта және сатып алу өтінімінде «Шарт жасалмады» мәртебесі шығады.
  4. «Шарт жасалмады» мәртебесімен өтінімнің негізінде қайта хабарландыру құрылады.

«Ұйымдастырушы» бөлімі

Электрондық мемлекеттік сатып алу арқылы баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен МС жаңа порталында хабарландыруды қалай құруға болады?

Жауап:Баға ұсыныстарын сұрату, конкурс, ерекше тәртіп тәсілдерімен хабарландыру сатып алуға өтінімдер негізінде құрылады. Сатып алуға өтінім «Тапсырыс беруші – Жылдық жоспар – Мемлекеттік сатып алу жоспары» бөлімінде бекітілген жоспар тармақтарының негізінде құрылады. Хабарландыруды құру үшін пайдаланушыға «Ұйымдастырушы – Сатып алуға өтінімдер» бөліміне өту қажет. Құрылған хабарландыру «Ұйымдастырушы – Хабарландырулар» бөлімінде болады. Жарияланған хабарландыру редакциялануға және жойылуға жатпайды.

ЭМСА бас тартуды қалай жүргізуге болады?

Жауап:ЭМСА бас тарту «Мемлекеттік сатып алу туралы» ҚР заңының 5 бабы 10 т. негізінде жүргізіледі. Тек қана жарияланған лоттан бас тартуға болады. ЭМСА бас тарту үшін пайдаланушыға «Тапсырыс берушілер – Сатып алуға өтінімдер» бөліміне кіру қажет, сәйкес лотты белгілеп, «ЭМСА бас тарту» батырмасын басу керек, сәйкес бас тартудың себебін таңдау қажет. Бас тарту рәсімінен кейін лоттың «Жарияланды» мәртебесі «Бас тартылды» болып өзгереді, хабарландырудың «Жарияланды» мәртебесі қалады, хабарландыру бойынша өтінімді қабылдау мерзімі ақталғаннан кейін қорытындыларды шығару керек.

ҚР мемлекеттік сатып алу порталының жаңа нұсқасында ЭМС хабарландыруын ашуды қалай жүзеге асыруға болады?

Жауап:Қорытындыларды ашу және шығару үшін пайдаланушыға «Ұйымдастырушы - Хабарландырулар» бөліміне өту қажет және хабарландыру атауының белсенді сілтемесіне басу қажет. «Аяқтау» батырмасын басқан кезде лотты ашу беті ашылады. Осы лотқа баға ұсыныстарын берген, өнім берушілерді қарау үшін, лот атауының белсенді сілтемесіне (сол жақта) басу керек – екіден аса баға ұсыныстары болса оң жақта сатып алудың қатысушылары көрінеді. Әлеуетті өнім берушінің баға ұсыныстарын қарау үшін өнім беруші атауының белсенді сілтемесіне басу қажет, қараған кезде өнім берушінің қыстырылған құжаттамасы (егер ол болған жағдайда) қол жетерлік. «Рұқсат беру/ Қайтару» батырмалары өнім берушілер өтінімдеріне рұқсат беру/қайтару үшін қажет. Әлеуетті өнім берушінің әрбір баға ұсыныстарын ашқаннан кейін «Бекіту» батырмасына басу керек. Сонымен қатар әрбір лоттың ашылуы жүргізіледі. Ашу рәсімі аяқталғаннан кейін әрбір лот бойынша «Қорытындыны қалыптастыру», «Қорытындыларды жариялау» батырмаларын басу керек. Жариялағаннан кейін қорытындылар барлық қатысушыларға «Сатып алулар- Қорытындылар» бөлімінде қол жетерлік. Егер лотқа екіден кем баға ұсыныстары берілсе, онда сатып алуды өтпеді деп танып, оны ұзарту қажет. Сатып алуды ұзарту кезінде хабарландырудың «Жарияланды» мәртебесі «Аяқталды» болып өзгереді, сатып алуға өтінім мәртебесі «Ұзартылды» болып өзгереді. Ұзартылған өтінімнің негізінде «Ұйымдастырушы – Сатып алуға өтінімдер» бөлімінде қайтадан хабарландыру құрылады.

ҚМС хабарландыруын ашу қалай жүргізіледі?

Жауап:Қорытындыларды ашу және шығару үшін пайдаланушыға «Ұйымдастырушы - Хабарландырулар» бөліміне өту қажет және хабарландыру атауының белсенді сілтемесіне басу қажет. «Аяқтау» батырмасын басқан кезде лотты ашу беті ашылады. Лот атауының белсенді сілтемесіне (сол жақта) басқан кезде, сатып алуда қатысқандардың, өнім берушілерді енгізу үшін функционал көрінеді. Өнім берушілер туралы мәліметтерді қосу «Іздеу» батырмасын қолданумен СТН/БСН/ЖСН бойынша жүргізіледі. Әлеуетті өнім берушілердің баға ұсыныстары кестесіне мәліметтерді енгізгеннен кейін «Бекіту» батырмасын басу керек. Сонымен қатар әрбір лоттың ашылуы жүргізіледі. Ашу рәсімі аяқталғаннан кейін әрбір лот бойынша «Қорытындыны қалыптастыру», «Қорытындыларды жариялау» батырмаларын басу керек. Жариялағаннан кейін қорытындылар барлық қатысушыларға «Сатып алулар- Қорытындылар» бөлімінде қол жетерлік.

Жоспар тармағының негізінде хабарландыру құрылса, бірақ жарияланбаса оны қалай редакциялауға болады?

Жауап:Жоспар тармағының негізінде өтінім құрылған, бірақ хабарландыру жарияланбаған болса, оны редакциялау үшін:

  1. «Ұйымдастырушы» - «Хабарландырулар» бөлімінде хабарландырудан лотты жоюға болады, хабарландырудың өзін жоясыз (егер өтінімнің негізінде сатып алу құрылған болса).
  2. «Тапсырыс беруші» - «Тапсырыс берушінің өтінімдері» бөлімінде осы жоспар тармағына құрылған өтінімді жою керек.
  3. «Тапсырыс берушілер» - «Жылдық жоспарлар» - «Мемлекеттік сатып алудың жоспары» бөлімінде: осы жоспар тармағын кері қайтару керек – «Бекітілді» мәртебесінен «Құрылды» болып өзгереді. «Құрылды» мәртебесімен жоспар тармақтарын редакциялауға болады.

«Жабдықтаушы» бөлімі

МСА жабдықтаушылары баға ұсыныстарын қалай бере алады?

Жауап:Әлеуетті жабдықтаушылар баға ұсыныстарын беру үшін «Сатып алулар - Ағымдағылар» бөліміне кіру қажет. Баға ұсыныстарын сұрату тәсілімен сатып алу бойынша белсенді лотты (қабылдау мерзімі басталған, бірақ аяқталмаған) қарау кезінде өнім берушілерде «Осы лотқа өтінімді ұсыну» (банк деректемелері және порталда авторлану болған жағдайда) батырмасы бар, оны басқан кезде өнім беруші үшін өзінің баға ұсыныстарын енгізу мүмкіндігі ашылады. Өнім берушілердің барлық өтінімдері «Жабдықтаушы – Менің өтінімдерім» бөлімінде сақталады.

МС жаңа порталында банк деректемелерін қалай қосуға болады?

Жауап:Банк деректемелерін редакциялау және қосу үшін «Банк деректемелері» мәзірінің тармағына кіру қажет. «Қосу» батырмасының көмегімен банк деректемелерін қолмен енгізуге болады немесе сәйкес батырманың көмегімен БСАЖ сұратуға болады. «ЖСК», және «Жаңа ЖСК» алаңдарын толтыру міндетті түрде, егер жаңа жск жоқ болса – 20 нөлдер қойылады.

Егер тапсырыс беруші электрондық баға ұсыныстарын ашқан кезде әлеуетті жабдықтаушы өтінімін заңсыз қайтарса не істеу керек?

Жауап:Егер әлеуетті өнім беруші, оның құқығын және заңдық мүддесін бұзды деп санаса, онда Мемлекеттік сатып алу туралы заңның 45 бабына сәйкес тапсырыс берушінінің, мемлекеттік сатып алу ұйымдастырушысы, комиссия, эксперттерінің әрекетіне (әрекет етпеуіне) мемлекеттік қаржылық бақылау органдарына шағымдануға құқылы.

Конкурстар туралы хабарландыруларды қалай қарауға болады?

Жауап:Қағаз рәсімін қолданумен өткізіліп жатқан конкурстар туралы хабарландырулар жаңа порталдың нұсқасындағы «Сатып алулар – Хабарландырулар» бөлімінде орналастырылған. Хабарландыруды қарау үшін порталда тіркелу қажет емес – ақпарат жалпыға қол жетерлік.

Тіркелу кезінде қате «ЖК болып саналмайды». Себебі неде?

Жауап:Салық комитетінің сайты тек қана ЖК белгісінің бары туралы мәліметті көрсетеді, ЖК ретіндегі Сіздің тіркеліу мерзіміңіз сияқты, ол БСАЖ сіздің СТН үшін бар. ЖК белгісін барынан басқа тағы да ЖК ретінде сіздің тіркелгеніңіздің негізінде, құжат туралы, ал нақты ЖК ретінде тіркелу туралы куәліктің нөмірі, сериясы және беру күні мәліметтерінің барын тексеру жүзеге асырады. Егер жеке пайдаланушы (жаппай емес) үшін БСАЖ деректері қандай да бір алаңдар бойынша өтпесе, онда олар БСАЖ жоқ деп болжанады. Осындай тексеріс мынадаймен байланысты, көптеген бұдан әрі өздерінің қызметтерін тоқтатқан немесе қазір ЖК болып саналмайтын ЖК, ЖК белгілері бойынша осы уақытқа дейін БСАЖ қорында бар және ЖК ретінде тіркеу мерзімі (яғни тарихи деректер) бар, және осы жағдайда, бізге айыру белгілеріне сәйкес – «ЖК тіркеу туралы куәлігі (нөмірі, серия, мерзімі)» әрекет ететін ЖК әрекетін тоқтатқан ЖК айыруға тура келеді. Егер осы үш параметрлер БСАЖ-дан жоғарыда көрсетілген екеуімен тұтас келсе, онда ЭМС Сізді ЖК деп санайды, егер осы параметрлердің біреуі келмесе, немесе дұрыс болмаса жүйе Сізді ЖК деп санамайды. Мәселені толық сипаттап Салық Комитетінің диспетчерлік қызметімен хабарласуға кеңес береміз.

Жалпы сұрақтар

МС порталының жаңа нұсқасына өту кезінде: «Осы бетті оқу үшін уәкілеттік жоқ» қатесі шықса, не істеу керек?

Жауап:Егер жаңа нұсқаға өткен кезде сізде «Осы бетті оқу үшін уәкілеттілік жоқ» қатесі шықса, Mozilla Firefox браузеріне ауысу қажет. Браузерді порталдың басты бетінде жүктеуге болады. Осы браузерге RSA сертификатын импорттау қажет. Егер сертификатты дискіде алсаңыз, онда браузерге keys_rsa.p12 сертификаты импортталады. Егер сертификатты электрондық пошта бойынша алсаңыз, басында жабық кілттің экспортын жасау қажет, және тек қана содан кейін оны браузерге орнату қажет. Жабық кілттің экспорты бойынша нұсқаулықты http://www.pki.gov.kz/cms (Кілттер мен сертификаттардың мұрағаттық көшірмелері) сайтынан жүктей аласыз. Mozilla Firefox браузеріне сертификатты импорттау жөнінде нұсқаулықты порталдың ескі нұсқасындағы «Анықтама ақпараттар - Тіркеу- Балама браузерлерге сертификаттарды импорттау» бөлімінен жүктеуге болады.

МС жаңа порталында сатып алуды құрған кезде, құжаттамаларды қалай қыстыруға болады?

Жауап:Файлдарды қыстыру үшін пайдаланушыларда Java орнатылған болу керек және Tumar профайлінде GOST кілті орнатылған болу керек. Java жүктеу сілтемесі жаңа порталда құжаттарды қыстыру әрекеті кезінде көрінеді. Tumar профайліне GOST кілтін орнату жөнінде нұсқаулықты сіз кілттерді алу кезінде (ҰКО) жүктедіңіз. Java сақтағышына сертификатты орнату үшін: Бастау батырмасы - Баптау-Басқару мәзірі- Java Control Panel өту қажет. Security қойындысында Certificates батырмасын басу қажет. Жаңа терезеде Client Authentication таңдау қажет, содан кейін «Import» батырмасын басу керек және порталға кіруге қолданылатын RSA сертификатын таңдау қажет. Сертификат импорты сәтті өткеннен кейін, файлдар қыстырылатын болады. РСА қарау үшін: Бастау батырмасы - Орындау - certmgr.msc – ОК – «Жеке» қапшығы – «Сертификаттар» қапшығына кіріңіз. Қарау үшін сертификатқа екі рет басыңыз және құрамы қойындысын ашасыз. МЕМСТ кілті Тұмар Конфигураторға орнатылған болу керек: Бастау батырмасы - Gamma Tech - Tumar - Tumar CSP v.4 - Tumar Конфигураторлардығ барлық бағдарламасы. Бірнеше сертификаторлармен жұмыс жасаған кезде браузерде кедергілер туындамайды. Тек қана дұрыс парольді көрсету қажет. Тумар және МЕМСТ-сертификаттарымен жұмыс істеу үшін сізге әрбір сертификатты Тұмар профайлінде құру қажет. Егер бірнеше сертификаттар үшін бір профайлді қолдансаңыз, онда орнатқан кезде тізімдегі соңғысы қолданылатын болады, ол орнатқан кезде қатеге әкеліп соғуы мүмкін. Яғни портал пайдаланушылық сертификатпен орнатылмаған деп шығарады. Сіз порталға кірген кезде RSA-сертификатын көрсетіп жұмыс жасаған кезде, осы пайдаланушының МЕМСТтік сертификатын көрсетуіңіз керек.

Деректерді қалай өзгертуге болады?

Жауап:Пайдаланушы\ұйымды тіркеу кезіндегі деректер БСАЖ анықтама жүйесінен алынады. Сіздің сертификатыңыздың деректері БСАЖ деректерімен сәйкес келмеген кезде сізге сәйкессіздікті түзету үшін Салық комитетімен байланысу керек. Содан кейін сіз веб-порталда тіркеу рәсімін өте аласыз. БСАЖ деректер жаңартылғаннан кейін, «Менің бөлмем – Қатысушының профильі» бөліміне кіріңіз. «Сәйкестендіруші деректер» мәзірінің тармағындағы ұйым туралы деректерді түзету батырмасына басасыз. «БСАЖ деректерді алу» батырмасына басасыз, содан кейін деректер импортталғаннан кейін оларды растау батырмасын басасыз – жаңа деректер ұйымның профилінде сақталады. Егер ұйымның СТН және БСН бастапқы болып қалса-онда сертификатты қайта шығару керек емес, егер өзгертілсе – жаңа серификат алу керек және порталда тіркелу рәсімін өту қажет. ҰКО: Ұлттық куәландыру орталығымен байланысыңыз – олар сертификаттар береді және оларды орнату үшін түсінік береді - тел. 88000807777, эл. пошта support@pki.gov.kz. Біз http://goszakup.gov.kz портал жұмысының техникалық бөлімі бойынша кеңес береміз. Сізге Mozilla Firefox браузерін жаңартуға кеңес береміз, оны порталдың ескі нұсқасының басты бетінен жүктеуге болады. Егер кілтті пошта бойынша алсаңыз – оны басында мұрағаттау қажет, содан кейін Mozilla Firefox импорттау қажет. Сәйкес нұсқаулықтарды ұсынамыз. Сізге порталдың жаңа нұсқасына өту қажет – өту сілтемесі https://goszakup.gov.kz/app. «КІРУ» батырмасына (ашылма тізімге емес, батырманың өзіне) басу керек, Сіздің логиніңіз көрінеді – парольді енгізіңіз. Осы авторлану болып саналады.

Личные инструменты
Язык